Гендерлік саясат

24 қаңтар күні Коммуналды гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасында «Гендерлік саясат,Әйелдер теңсіздігі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Пікірталас күйінде өткен сағаттың мақсаты гендерлік саясаттың мына қоғам өміріндегі маңызы,әйелдер теңсіздігі,нәзік жандылардың билікке араласуы туралы студенттер көзқарасын анықтау. Тәрбие сабағымызға доценттер Джуланова К.Н, Ильясова А.Д, Текманова А.Қ, оқытушы Айтамбаева Л.Н қатысты.

Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 4 курс студенттері 402 (1-2),408-1, 410(1-2)к топтары қатысты.Студенттер екі топқа бөлініп пікір таластырды.Бірінші топта Жусипбекова А, Сарманбетова Н,Сағымбекова А, Медетбекова М, Матембаева М, Мамырова М, Абдукаримова Л болса, екінші топта Издибаев Н, Зиябеков М, Ахметов Б, Асанов Б, Балтаев Қ, Устемиров Б болды. Көрермендер арасынан Тоғызбаева Г, Бүркітбаева Б, Төрегелдиев Қ өз ойларын ортаға салды. Кеш соңында ұлағатты ұстаздар өз пікірлерімен бөлісті.

Батыр әйелдер өз ұлтымыз өте көп. Домалақ ана,Айша бибі, Ұлпан, Әлия,Мәншүк, ақын Сара, әнші майра , Күләш, Роза Қазақстанда алғаш академик атанған. Базанова Н.У тұңғыш профессор дәрігер Сатбаева Р.А есімдері тарихта мәңгі қалады.

Әйел –ана, әйел-адал жар, әйел –тәрбие көзі.

Әйел –балалар панасы, әйел –отбасы шамшырағы,

Әйел шаңырақтың діңгегі десек те әйел саясаткер,

Әйел-билеуші, әйел-көшбасшы да бола алады.

 

Әйелсіздер, кең байтақ даласыздар,

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар

Көлеңке жоқ көңілінде, қылауы жоқ

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Сіздер –күнсіз,аспанда жарқыраған,

Сіздер –өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер –ана,сіздер –жар, сіздер-қыздар,

Сіздер-жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған,

Тәрбие сағатына жетекшілік еткен доцент профессор ҚазҰМУ Джуланова К.Н