«Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасы оқытушылары Жеңістің 70-жылдық мерейтойына орай 28-панфиловшы жауынгерлерге арналған «Ер есімі ел есінде» атты тақырыбына дөңгелек стөл жүргізді

2015 жылдың 16 наурыз күні Факультет деканатының тәрбие жоспары жұмыстарының шеңберінде «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасы оқытушылары мен «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары студенттерінің қатысуымен Жеңістің 70-жылдық мерейтойына орай 28-панфиловшы жауынгерлерге арналған «Ер есімі ел есінде» атты тақырыбына дөңгелек стөл жүргізілді.

Ең алғашқы сөзді «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасының доценті Тулебаев Жауғашар Сейтович алды. Келесі сөзді дөңгелек стөлді ұйымдастырушы «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасының оқытушысы Алшембаева Лаззат Турсымбайкызы айтты. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батыр аталарымыздың есімі мәңгі есімізде сақталады. Дөңгелек стөл барысында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары 2 курс студенттерінің төмендегідей тақырыптағы баяндамалары мен презентациялары тыңдалды:

  1. Жұмабаева Гүлнұр
  2. Әлімхан Сайда
  3. Ережімбетова Арайлым
  4. Мұраббай Айғаным
  5. Жүсіпәлі Айгерім. Рамазан Ілебаевтың сөзіне жазылған 28-гвардияшыларға арналған арнау.
  6. Зиядан Оян. 28-панфиловшылар туралы аңыз.

Сондай ақ студенттер: Қалдыбай Даулет, Зиядан Оян, Пайзхан Бигелді, Құмарғалиев Нұрғали «Қазақтың елі» әнін квартет ретінде ұсынды. Ал, Сейлхас Қызжібек «Қазақ елі» әнін жеке орындауда ұсынды.

Дөңгелек стөлді дайындау және жүргізу кезінде кафедра оқытушылары белсенді ат салысты, олар: кафедра меңгерушісі, доцент Маукенова А.А., аға оқытушы Авгамбаева Н.Н., доцент Тулебаев Ж.С., доцент Джампейсова К.К., доцент Нурпейсова Л.С., оқытушы Сатаева Л.Г.

Қорытынды сөзді кафедра доценттері: Джампейсова Күлбайран Күлпаевна мен Нурпейсова Лейла Сатыбалдиевна өз ойларын айттып кетті. Өз кезегінде жан жақты сұрақтар мен жауаптар арқылы тақырыптың мәні толықтай ашылды.