Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы

Жұқпалы аурулар кафедрасы 1935 жылы ұйымдастырылған. Кафедраны 10 меңгерушілер басқарған: профессорлар Кудряков В.Т., Патрик Н.П., Бартошевич Е.Н., Беклемишев И.П., Касаткина И.Л., Белозеров Е.С., Қарабеков Ә.Ж., доценттер Реформатская А.Ф, Попова С.Н., Досқожаева С.Т. 1997 жылы ұйымдастырылған тропикалық аурулар кафедрасы (меңгерушісі – доц. Ермұқанова Н.Т.) 2002 жылы негізгі кафедра құрамына кірген.

Доцент Ермұқанова Н.Т.

2008 жылдан бастап кафедраны профессор Дүйсенова А.Қ. басқарады. Кафедрада медицина ғылымының 2 докторы (Дмитровский А.М., Сыздықов М.С.) және 12 кандидаты (Садықова С.С., Славко Е.А., Егембердиева Р.А., Байекеева К.Т., Оспанбекова Н.Қ., Сейсембаева Ә.М., Зубова Н.В. т.б.) қызмет етеді. Кафедрада жұмыс стажы 30-40 жылға жететін ардагерлер жұмыс істейді: доц. Өтеулін М.Н., Сейдулаева Л.Б., Ермұқанова Н.Т., Қуандықова С.Ж. Кафедра қызметкерлері 9 монография, 1000-нан астам ғылыми мақалалар, көптеген әдістемелік ұсыныстар мен оқу-әдістемелік құралдар басып шығарған. Республикада алғашқы рет мемлекеттік тілде оқытылатын студенттерге арналған «Жұқпалы аурулар» және «Тропикалық жұқпалар мен инвазиялар» оқулықтары шығарылған.

Кафедра меңгерушісі Дүйсенова А.К.

Кафедраның 3 клиникалық базасы бар: И.С.Жекенова атындағы Қалалық жұқпалы аурулар аауруханасы (1964 жылдан), «Студентік емхана» (1999 жылдан), ҚР ҚМ Орталық Әскери-клиникалық госпиталі (2007 жылдан). Кафедра қызметкерлері базалық ауруханаларда және Алматы қаласының барлық емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі (соның ішінде, республикалық ғылыми-зерттеу институттары) жұқпалы науқастарға емдеу-кеңес беру көмегін көрсетеді, аса қауіпті аурулар (оба, тырысқақ, түйнеме, Қырымдық геморрагиялық қызба) ошақтарында жұмыс атқару үшін эпид. іс-сапарларға шығады. Кафедра Денсаулық сақтаудың қалалық Департаментінен, базалық ауруханалар әкімшілігінен алғыс алған.

Кафедра отырысы

2008 жылы кафедра жұқпалы аурулар бойынша Орталық Азиядағы II Халықаралық конгрессін ұйымдастырып, өткізген.

Кафедрада «Жұқпалы аурулар» және «Тропикалық аурулар» пәндер бойынша сабақ жүргізіледі. МЖМБС-2003 стандарттары бойынша «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Медицина-профилактикалық іс», «Стоматология», «Шығыс медицина», «Медицина-биологиялық іс» мамандығының 3, 4, 5 курс студенттері, сонымен қатар, дәрігер-интерндер «ЖТД» және терапевттер оқытылады. МЖМБС-2006 стандарттары бойынша «Жалпы медицина», факультетінің 2 курс студенттері, «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Стоматология» мамандықтарының 3 курс студенттері оқытылады. Оқыту негізгі компонент және элективті пәндер бойынша жүргізіледі.

Ғылыми-студенттік үйірме мүшелері Парфенюк Светлана және Мереке Алибек Германияда және Белоруссияда өткен Халықаралық студенттік конференциялардан жақсы орындарға ие болған.

Ғылыми-студенттік үйірме мүшелері
Профессор Сыздықов М.С. Лабораториялық жұмыс