«Рухани Жаңғыру»бағдарламасы аясында академик Қ.Сәтбаев – Қазақстан ғылым энциклопедиясы атты шығармашылық дөңгелек үстел

2017 жылдың 22 қараша күні  «Рухани Жаңғыру»бағдарламасы аясында академик Қ.Сәтбаев – Қазақстан ғылым энциклопедиясы атты шығармашылық дөңгелек үстел  іс-шарасы,  Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасымен және этикалық кеңеспен ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл іс-шараға қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы және кураторлық топ жауапты болды және жалпы медицина факультетімен қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің студенттері қатысты.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – тұңғыш академик, ғылыми зерттеуші және ғылыми кадрларды тәрбиелеуші, Қазақстан ғылымының ірі ұйымдастырушысы болып табылатын ірі тұлға.

Іс-шараның мақсаты — Қ.И.Сәтбаевтың қазақ халқының тарихына қосқан үлесімен, оның атқарған қызметі туралы студенттердің білімін кеңейту және тереңдету, әлемдік көзқарастың негіздерін қалыптастыру, әлеуметтік құбылыстарға қызығушылығын арттыру, патриотизм сезімін жоғарылату, қоғам өміріндегі адамның белсенді рөлін түсіндіру болып табылды.

Сөз соңында ректордың кеңесшісі Ж.Г. Мұстафина және кафедра меңгерушісі, профессор М.Ә.Камалиев сөз сөйледі.

Іс-шараға ат салысқан студенттердің шығармалары мен шеберліктеріне жақсы баға берілді және үздік студенттер алғыс хаттармен марапатталды.