Флешмоб «Метро»

2014 жылдың 22 қазан күні Алматы қаласының Метрополитені «Жібек жолы» станциясында «Халықаралық Сүт безінің қатерлі ісігіне қарсы күрес» айына арналған Флешмоб шарасы өтті.

Флешмобты «Росинка» артезианды ауыз суы сауда белгісімен «Алматы Айсу өнімдері» компаниясы қолдауымен «Еуразиялық Денсаулық сақтау ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі, Ұлттық салауатты тағамтану орталығының мамандары ұйымдастырып, шараға С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 100-ден аса студенттері, ҚазҰМУ нутрициология кафедрасының оқытушылары, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ дәрігерлері, сонымен қатар 2013 жыл аруы Айдай Исаева қатысты.

Флешмоб мақсаты көпшіліктің назарын онкологиялық аурулардың дер кезінде анықталуы мен алдын-алу мәселесіне аудару. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазан айын Сүт безінің қатерлі ісігіне қарсы күрес айы деген бастама көтеріп, жыл сайынғы ақпараттық компанияны жариялады. Осы шарада Ұлттық салауатты тағамтану орталығы мен нутрициология кафедрасының мамандары аталмыш ауруды жеңуде дұрыс тамақтанудың маңыздылығын көрсететін ақпараттық үнпарақтар, үгіт-насихат коммуникациялық құралдары метро қызметкерлері мен жолаушыларына тегін таратылды.

Біз қазақстандықтардың аман-саулығын тілейміз!