«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеті

«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеті

1

Факультет деканы Бегадилова Толкын Сембаевна.

IMG_3605

Факультет деканның орынбасары

Мукашева Марал Сакеновна.

2

Студенттік деканы Студенческий декан:

Дабаров Абзал.

3

Факультет хатшысы Мұратбекқызы Сымбат.

Факультет деканының м.а. Бегадилова Толкын Сембаевна, медицина ғылымдарының кандидаты.

Санитарлық-гигиеналық факультеті Қазақ мемлекеттік медицина институтында (ҚазММУ), НКЗ ССРО-ң №234, 14 мамыр 1943 жылғы бұйрығымен құрылған болатын. 2013 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеті болып өзгертілді.

Бүгінгі күні факультет құрамына «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медициналық профилактикалық іс», «Менеджмент» бойынша маман дайындауға бағытталған мамандықтар және 10 кафедра, 4 модуль бар: «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасы (кафедра меңгерушісі,.Бегадилов.Т.С ), нутрициология кафедрасы (кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Кайнарбаева М.С.), кафедра коммуналды гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы (кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., проф. Бекбосынов Т.К), жалпы гигиена және экология кафедрасы (кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., проф. Кенесариев У.И.), Биостатистика кафедрасы (кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., Жусупов Б.С.), «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасы (кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., проф. Турдалиева Б.С), «Халықаралық Денсаулық Сақтау» кафедрасы (кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., проф. Куракбаев К.К.), менеджмент «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасы (кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Маукенова А.А.), ТҚН модулі (модуль басшысы, м.ғ.к., доцент Зикриярова С.М.), «Денсаулық сақтау және фармациядағы экономика» модулі (модуль басшысы, э.ғ.к., доцент Садыров Г.А.), «Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері» модулі (модуль басшысы, юғ.д., доцент Испаева Г.Б.), ВИЧ-инфекция модулі (модуль басшысы, Зикриярова С.М.)

Факультеттегі барлық атқарылып жатқан жұмыстар ҚР Білім Ғылым министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары мен ережелеріне, факультет қызметін ұйымдастыру ережелеріне, жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан ЖОО Ұлттық рейтингінде барлық медициналық университетттердің ішінде «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медициналық профилактикалық іс» мамандықтары барлық бағыттар бойынша жыл сайын 1- ші орын алады. Биылғы жылы:

Медициналық университеттердің және оқу бағдарламаларының Ұлттық рейтингінде 2015 жылы 1-ші орын (НКАОКО).

Денсаулық сақтау мен фармация мамандықтарының бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 2015жылғы рейтингінде 1-ші орын (НААР).

«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің Профессорлық-оқытушылық құрамының квалификациялық деңгейі мен компетенттілігі жоғары: 20 ғылым докторлары, оның 1- академик, 46 ғылым кандидаттары және 16 магистрант, яғни ғылыми атағы бар оқытушылар 62% құрайды.

Факультет ПОҚ құрамында атақты ғалымдар, қоғамдық денсаулық сақтау саласының жетістіктерін жетік меңгерген білікті мамандар бар, солардың ішінде дүние жүзіне аты әйгілі, академик ҚР РАМН, НАН, Қазақ тамақтану академиясының президенті Шарманов Т.Ш., м.ғ.д., профессор Алдашев А.А., профессор Котова А.Л., профессор Урумбаева К.У., профессор Кудайбергенулы К., Амиреев С.А., профессор ТогузбаеваК.К., профессор Неменко Б. А., профессор Бекбосынов Т.К, профессор Рамазанова Б.А., профессор Кенесариев У.И., профессор Куракбаев К.К., профессор Кенесариев У.И., профессор Камалиев М.А., профессор Турдалиева Б.С. Факультет ПОҚ «Денсаулық сақтау үздігі», «Білім беру үздігі» Ы.Алтынсарин төсбелгілерімен, ҚазҰМУ төсбелгілерімен, ҚР БҒМ мен ҚР ДС, ҚазҰМУ мақтау қағаздарымен, алғыстарымен марапатталған. Университет күндерінеде жасалған 2014 жылдың қортындысы бойынша үздік теориялық кафедра атағын «Еңбек гигиенасы» кафедрасы алса Медициналық қызметкерлер күнінде профессор Амиреев С.А.үздік атанды.

Ғылым мен білім жолында ерен еңбектері сіңген университетіміздің ардагерлері де осы мамандықтың келесі профессорлары: Попов Н.Н., Каракулов И.К., Чокин А.Р., Амрин К.Р., Кудияров П.М., Смирнов В.А., Даулбаев Ф.А., Корытный Д.Л., Щурин В. А., Шортанбаев А.А.

Бүгінгі күні факультетте 450 астам студент оқиды, олардың 47 «Алтын белгі» иегерлері, 8 халықаралық олимпиада жүлдегерлері. Биылғы жылды бітіретін 138 студенттің 21 үздік дипломға үміткер. Жыл сайын факультеттің 70% жуық студенті «жақсы» және «өте жақсы» оқып, шәкіртақы алады. Университеттің ең мықты студенттері жақсы үлгерімдері белсенділік танытқандары үшін атаулы шәкіртақылар алады. Айта кететін болсақ, мысалы: 2014-2015 оқу жылы «ҚазҰМУ ректорының шәкіртақысын» «МПІ» мамандығының 5 курс студенті Нурлан А. және 5 курс «ҚДС» мамандығының студенті Копжасарова М.; «м.ғ.д., проф. К.Амрин атындағы» шәкіртақыны «МПІ» мамандығының 4 курс студенті Азизханов П. иеленді.

Қазақстан және шетел ЖОО – серіктестіктер арасындағы келіссөздер аясында студенттер ұтқырлығы бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша атсалысып жүрген студенттердің саны жылдан жылға арту үстінде. 2012-2015 ж.ж. аралығында «академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша оқып келген студенттердің жалпы саны 88 жетті, 29 студент Қазақстанның басқа медициналық ЖОО келді. Испанияда 14 студент (Менеджмент Жоғары мектебі) білім алып келді. «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы жеке және кәсіби дамуда бірден –бір маңызды үрдіс, ол күннен күнге жоғары маңыздылыққа ие болуып келе жатыр, десек артық айтқандық болмайды.

«Визитинг-профессорлар» бағдарламасы белсенділік табуда. Айтылған бағдарлама бойынша профессорлар мен сертификатталған сарапшылар жақын және алыс шетелдерден қатынауда: Ресей (Пермь МА), И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеулік мемлекеттік медициналық университеті, Тюмень МА, Қирғызстан, Канада (Оттава университеті), Жапония (Ritsumeikan Asia Pacific University, Украина (Ұлттық МА дипломнан кейінгі білім), Чехия (Карлов Университеті), Қытай (Тайбэй Медициналық Университеті), Литва денсаулық ғылымы университеті, Италия ( Милан университеті), Америка университеті (Эмори университеті).

8

Дуалды жүйе бойынша оқу – тәжірибелік практикалар және кәсіптік практикалар «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медициналық профилактикалық іс» мамандықтары бойынша ұйымдастырылды. Практика өту үшін келесі ұйымдармен келісім шарт жасалған: РГКП «Ғылыми – тәжірибелік санитарлық-эпидемиологиялық сараптау» орталығымен, РГУ «Алматы қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен» және «ҚР ТҚҚ агенттігімен», Медеу аудандық ТҚҚ басқармасымен, Алматы қаласы бойынша ТҚҚД, ТҚҚ Комитеті ҚР МНЭ. Медициналық тіркеуші көмекшісі, медициналық статистика, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы ретінде тәжірибе өтеді, АТУ базасында, тұрғылықты жерлерінде тәжірибе өту қарастырылған.

Тәрбие жұмыстары факультетте әр тұлғада әлеуметтік белсенділікті, білімділікті, ақыл мен денсаулықты дамытуға бағытталған. Студенттер әртүрлі мәдени ісшараларға, спорттық жарыстарға ғылыми және қоғамдық –саяси конференцияларға қала, република деңгейінде атсалысады, телебағдарламалар – «Тойбастар», «Көкпар», «Тілтірегі» сияқты, КВН, әртүрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындар алады. Кураторлар жоғарға курс студенттерімен бірігіп, мейірімділік істерег қатысады: балалар үйіне барады, ойыншықтар, кітаптар силайды, әр түрлі ойындар ойнайды. Волонтерлар тастанды балар үйіндегі балаларғағ ардагерлерге, қарттарға көмектеседі.