«Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі!» мерекелік іс-шарасы өткізілді

11.12.2015ж. «Жалпы гигиена және экология» кафедрасында оқытушылар: Молдақарызова., 15-041 топтың тьюторы Токжанова М.С. ұйымдастыруымен «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі!» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Кеш қонақтары: ҚазҰМУ ректорының кеңесшісі, проф. Мустафина Ж.Г. және кафедраның меңгерушісі, проф. Кенесариев Ү.И.

Мерекелік іс-шараға Жалпы медицина мамандығының 3 – курс студенттері қатысты. Топ студенттерінің орындауында «Қайраттың бір күні» атты сахналық көрініс қойылды. «Желтоқсан желі», «Біздің елдің жігіттері», «Тәуелсіздік таңы атты» өлең жырлар айтылып, «Көңіл толқыны» күйі шертілді. Монолог оқылды. 15- 041 тобының Жалпы медицина мамандығында оқитын шет елдік студенттер өздерінің тілегін білдіріп, билерін биледі. Келген қонақтар мерекелік іс-шараға жоғары баға беріп, алған әсерлерімен бөлісіп және көтеріңкі көңіл күйде бола отырып, арнайы дастарханнан дәм татты.

1 2