Информатика модулі

Информатика модулі

Модуль тарихы

Физика кафедрасы институттың алғашқы 10 кафедраларының бірі ретінде 1931 жылы 25 қарашада құрылған. Кафедраның ұйымдастырылуы кезеңінде онда 4 адам болды (кафедра меңгерушісі, 2 оқытушы, 1 зертханашы). 1931-1932 жылдары физика кафедрасында дәрістер оқылып, зертханалық жұмыстар жүргізілген, ол кезде кафедра ҚазПИ-дің ғимаратында орналасқан болатын. 1938 жылдан педиатрия факультетінің ашылуына байланысты кафедра штаты 7 адамнан құралды. Соғыстан кейінгі жылдары кафедра 3 факультеттің: емдеу, педиатрия және санитарлық-гигиеналық студенттерімен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізді, қызметкерлер саны 9 адамға жетті (кафедра меңгерушісі, 3 аға оқытушы, 3 оқытушы, 2 зертханашы).

50-ші жылдардың екінші жартысында оқытудың сырттай және кешкі формаларының ұйымдастырылуымен, сонымен қатар фармацевтика мен стоматология факультеттерінің ашылуымен кафедрадағы оқу үрдісі көпсалалы болып қалыптасты. 1966 жылы кафедрада спектрлік зертхана құрылды, бұл кафедра қызметкерлеріне оқыту жұмысымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізуге мүмкіндік берді. Ғылыми жұмыстың негізгі тақырыбы: «Биологиялық ұлпалардағы микроэлементтердің құрамын анықтау» болды. Осы мезгілде кафедрада тек физика кафедрасының ғана емес, институттың басқа кафедраларының да құралдарын жөндеуге арналған механикалық шеберхана құрылды.

1975 жылдан кафедрада жаңа оқыту бағдарламасы игерілді, оған міндетті зертханалық сабақтары бар, емдеу және педиатрия факультеттерінің 2-курс студенттеріне арналған жаңа мамандық түрлері – «медициналық электроника» мен «медициналық кибернетика» және стоматология факультетіне арналған материал тану негіздері енгізілді. Кафедра ұжымының күшімен оқытушылар мен студенттерге арналған қажетті әдістемелік құралдар жасалынды.

1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедра №7 оқу ғимаратына орналасқан

М е ң г е р у ш і л е р
1931-2009 жж.

  • Литвинов Всеволод Федорович – кафедраның негізін салушы , физика-математика ғылымдарының докторы 1931 жылдан 1934 жылдары жұмыс істеді;
  • Масленников Исмаил Павлович – доцент, 1935 жылдан 1940 жылдары кафедрада меңгеруші болды;
  • Лазарев Петр Петрович – академик, КСРО ҒА биофизикалық зертханасының директоры, кафедрада 1941 жылдан 1942 жылдары меңгеруші болды;
  • Акулов Николай Сергеевич – академик, БССР ҒА нақты мүшесі, кафедраны 1942 жылдан 1943 жылдары басқарды;
  • Слуцкий Абрам Александрович – академик, УССР ҒА нақты мүшесі, кафедраны 1943 жылдан 1944 жылдары басқарды;
  • Масленников Исмаил Павлович – кафедраны 1945 жылдан 1954 жылдары басқарды;
  • Казачевский Валентин Михайлович – доцент, физика-математика ғылымдарының кандидаты, ҚазССР ҒА асто-физикалық институтының Ғылыми хатшысы, физика кафедрасын 1955 жылдан 1972 жылдары басқарды;
  • Кұдұсов Жұмаш Кұдұсұлы – доцент, техника ғылымдарының кандидаты, кафедраны 1972 жылдан 1984 жылдары басқарды.;
  • Әдібаев Берік Мұкатұлы – профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, кафедраны 1984 жылдан 2008 жылдары басқарды;
  • Нұрмағанбетова Мүгүльсүм Омарқызы- 2008-2012 жылдары кафедрасының меңгерушісі болып, т.ғ.к, доцент, АХА-ның корр. мүшесі, басқарды;

Модуль жетекшісі

Ажибекова Жанар Жубандыққызы- доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты, Информатика модулін 2012 жылдан бастап басқарады.

1

ҚазҰМУ Ректорының 15.06.2012ж., №8 бұйрығы бойынша медициналық биофизика, информатика және математикалық статитика кафедрасы екі модульге бөлінді: «Информатика» модулі және «Медициналық биофизика және математикалық статистика модулі».

2 3

Модульдің ғылыми бағыты:

  • Информатиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану.
  • Модуль қызметкерлері бірінші курс студенттеріне «Информатика» пәні және екінші курс студенттеріне «Медицина мен денсаулық сақтаудағы ақпараттық технология және математикалық модельдеу» атты электив пән оқытылады.
  • ҚазҰМУ-нің «Болондық үдеріске» өтуіне байланысты модульде жаңа медициналық білімінің моделі енгізілуде. Осы моделге сәйкес негізгі (бес) құзіреттілікті ескере отырып, барлық пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешені құрастырылды.
  • Модульде 8 компьютерліккласс, 1 оқу-зертханалық бөлмесі бар. Оқу үрдісінде студенттердің білімін бағалау үшін оқытудың жаңа технологиялары жиі қолданылады.
  • Қазіргі уақытта модуль штаты 15 қызметкерден тұрады, олардың ішінде: 3 доцент, 8 аға оқытушы және 4 оқытушы, 3 ғылым кандидаты, 8 ғылым магистрлері бар. Модульде әр-түрлі бағыттарда зерттеулер жүргізіледі.

Модуль оқытушыларының тәрбие жұмысы

Информатика модулінің қызметкерлері студенттердің тәрбие жұмыстары мен ғылыми жұмыстарына жетекшелік етеді. Жыл сайын әр түрлі факультет және университет деңгейіңде іс-шаралар өткізіледі, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, конкурстар және ұлттық мерекелерге арнлған концерттер өткізуге ат салысады.

4 10 9 8 7 6 5

Модуль оқытушыларының мерекелік іс-шараларға қатысуы

11 12

Екі жұлдыз байқауы

13 14

Алтын күз-2013” мерекесі

15 18 17 16

Топ тәлімгерлері студенттерімен сенбілікке қатысу

19 20

Информатика модулінің ОПҚ құрамы

21

Ажибекова Жанар Жубандықызы

п.ғ.к., доцент

Модуль жетекшісі

1995 жылдан бастап ҚазҰМУ-дың Информатика модулінде қызмет атқарады.

2000-2003жж. – аға оқытушы;

2003-2012жж. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент;

2012 жылдан бастап Информатика модулінің жетекшісі.

Ғылыми бағыты: Медициналық оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі.

22

Андаспаева Айгуль Абжапарқызы

ф.-м.ғ.к, доцент

ҚазҰМУ, Информатика модулінде

1992 жылдан бастап аға оқытушы лауазымында,

2002 жылдан бастап доцент лауазымында.

Ғылыми бағыты: Социализация личности студента высшего учебного заведения.

23

Шадинова Кунсулу Сейдазықызы

п.ғ.к., доцент

ҚазҰМУ, Информатика модулінде

2000 жылдан бастап аға оқытушы лауазымында,

2006 жылдан бастап доцент лауазымында.

Ғылыми бағыты: Медициналық оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі.

 

24

Рахимбаева Гулбаршын Сабетқызы

Аға оқытушы

ҚазҰМУ, Информатика модулінде

2005 жылдан бастап оқытушы лауазымында,

2008 жылдан бастап аға оқытушы лауазымында.

Ғылыми бағыты: Медициналық оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі.

 

25

Жусипбекова Шолпан Ерлепесқызы

Аға оқытушы

ҚазҰМУ, Информатика модулінде

2003 жылдан бастап оқытушы лауазымында,

2006 жылдан бастап аға оқытушы лауазымында.

Ғылыми бағыты: Медициналық оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі.

 

26

Алтекова Инжу Сержанқызы

Аға оқытушы

ҚазҰМУ, Информатика модулінде

2004 жылдан бастап оқытушы лауазымында,

2008 жылдан бастап аға оқытушы лауазымында.

Ғылыми бағыты: Медициналық оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі.

 

27

Бекенаева Кымбат Слямқызы

Аға оқытушы

ҚазҰМУ, Информатика модулінде

2003 жылдан бастап оқытушы лауазымында,

2010 жылдан бастап аға оқытушы лауазымында.

Ғылыми бағыты: Медициналық оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі.

 

28

Садуакасова Гульмира Мырзабекқызы

Аға оқытушы

ҚазҰМУ, Информатика модулінде

2004 жылдан бастап оқытушы лауазымында,

2012 жылдан бастап аға оқытушы лауазымында.

Ғылыми бағыты: Медициналық оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі.

 

29

Омарбаева Арайлым Нурахымқызы

Аға оқытушы

ҚазҰМУ, Информатика модулінде

2004 жылдан бастап оқытушы лауазымында,

2007 жылдан бастап аға оқытушы лауазымында.

Ғылыми бағыты: Медициналық оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі.

 

30

Баракова Алия Шаризатқызы

оқытушы

 

 

ҚазҰМУ, Информатика модулінде

2006 жылдан бастап оқытушы лауазымында.

Ғылыми бағыты: Медициналық оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі.

 

31

Жакипова Шынар Абубакірқызы

оқытушы

ҚазҰМУ, Информатика модулінде

2008 жылдан бастап оқытушы лауазымында.

Ғылыми бағыты: Медициналық оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі.

 

32

Рыскан Айнур Рыскановна

оқытушы

ҚазҰМУ, Информатика модулінде

2008 жылдан бастап оқытушы лауазымында.

 

Ғылыми бағыты: Медициналық оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі.

 

33

Жыланбаева Балкия Карибаевна

оқытушы

ҚазҰМУ, Информатика модулінде

2007 жылдан бастап оқытушы лауазымында.

 

Ғылыми бағыты: Медициналық оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі.

Модуль жетекшісі, доцент Ажибекова Ж.Ж.

Орындаушы: Жусипбекова Ш.Е

№7 уч.корпус, 407-каб.

вн.тел.7088