Ғылыми-зерттеу жұмысы

Қазіргі кезде қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, медицина тарихының түрлі бөлімдері бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын меңгерген дәрігер-мамандарды дайындауға бағытталған оқу-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмысын іске асыратын университеттің негізгі бөлімі болып табылады.

Студенттерді оқыту жоғары әдістемелік деңгейде өтеді және елдің барлық медициналық жоғары оқу орындары қабыл алған, кафедра қызметкерлері құрастырған пән бойынша типтік оқу бағдарламасына негізделген. Оқу-педагогикалық үрдіс басылып шыққан оқулықтармен, оқулық және оқу-әдістемелік құралдармен, дәрістер жинағымен қамтамасыз етілген. Кафедра құрылғалы бері оның қызметкерлері арқылы көптеген монографиялар мен ғылыми жұмыстар жарық көрді. Оқу-әдістемелік материалдар жинағы дайындалды.

«Қоғамдық денсаулық», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медицина тарихы» пәндерінен «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Стоматология» мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік кешендер құрастырылып бекітілді. Кафедра қызметкерлері қоғамдық денсаулық сақтау бойынша бакалавриат және магистратураны оқу-әдістемелік қамтамасыз етуде белсенді жұмыс атқарды.

ҚР денсаулық сақтау Министрлігімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім бойынша «Денсаулық сақтау мекемелеріндегі, медициналық ғылым мен білім берудегі ақылы медициналық қызмет көрсету ережелері» (2004 ж.), «Денсаулық сақтау саласының мамандарға деген ұзақмерзімді қажеттілігін анықтау» (2005 ж.), «Соңғы нәтижелерді алуға бағытталған Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелері жұмысының көрсеткіштері мен мақсаттық индикаторларын өңдеу және ендіру, 2005-2010 жылдарға Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының компоненттерін іске асыруды мониторинг жасау және бағалау жүйесін ендіру» (2008 ж.), «Денсаулық сақтаудағы заңсыз төлемдер көлемін зерттеу» (2009 ж.).

ҚР ДМ жұмысшы тобының құрамында жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының қатысуымен негізгі созылмалы жұқпалы емес аурулардың біріншілік және екіншілік профилактикасына, медико-социологиялық зерттеулерге, ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларын сауықтыру және денсаулығын динамикалық бақылауға арналған ҚР ДМ бекітіліп, «Ауруларды мониторинг жасау және профилактикасындағы жаңа технологияларды белсенді ендіргені үшін» ҚР ДМ алғасымен марапатталған әдістемелік нұсқаулар өңделді.

Еуропа қауымдастығының, Ноу-хау Қорының, Британдық Кеңестің, Сорос-Қазақстан Қорының және т.б. жобаларының шегінде денсаулық сақтаудың актуалды проблемалары бойынша халықаралық бағдарламалар іске асырылды: «Халықтың медициналық көмекке қол жеткізу барьерлері» (1999-2001 жж.), «Медициналық мекемелердегі пациенттердің заңды және заңсыз төлемдері» (2000-2002 жж.), «Денсаулық сақтау менеджментіне оқыту бағдарламасын жасау» (1999-2002 жж.), «Денсаулық сақтау экономикасына оқыту бағдарламасын жасау» (1999-2002 жж.), «Ерлермен сексте болған ерлер арасындағы АИВ/ЖИТС және ЖЖТИ проблемаларының медициналық-әлеуметтік аспектілері» (2002-2004 жж.), «Орталық Азиядағы 7 үлгілі учаскедегі профилактикалық шаралармен қамтудың жоғары деңгейіне жету: Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы және Өзбекстандағы халықтың әлсіз топтарын АИВ профилактикасы бойынша қызметтің негізгі жинағын көрсету» (2007-2009 жж.), «Қазақстандағы ЛГБТ құқықтарын сақтау» (2008-2009 жж.), «Заң және денсаулық» (2008-2010 жж.) және т.б. Кафедра қызметкерлері Ұлыбританияда, Нидерландта, АҚШ, Түркияда, Израилде және тәжірибе алып, баяндамалар жасады.

Кафедра қызметкерлері Қазақ ұлттық медицина университетінің тарихы Мұражайын құруда, оның құрылуы, даму сатылары мен жұмысын көрсетуде үлкен еңбек атқарды. Мұражай университеттің 70-жылдығына салтанатты түрде ашылды.

Кафедра денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Тек 2009 ж. «Медициналық көмек сапасына сараптама жүргізудің таңдамалы сұрақтары» тақырыбында 2 цикл, «Аккредитация элементтерімен ауруханаішілік аудитті ұйымдастырудың таңдамалы сұрақтары» – 4 цикл, «Денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесін ендіру» – 56 цикл, көшпелі циклдер «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұйымдастырушылық негіздері» (Шымкент қ.) және «Денсаулық сақтау ресурстарын басқарудың актуалды проблемалары» (Ақтау қ.) өткізілді.