С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанынан құрылған тұрғындар денсаулығының қауіп қатерін бағалау лабораториясы Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының бір жүйесі Химиялық заттардың қауіп қатерін бағалаудың мүшесі болып бекітілді.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанынан құрылған тұрғындар денсаулығының қауіп қатерін бағалау лабораториясы Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының бір жүйесі Химиялық заттардың қауіп қатерін бағалаудың мүшесі болып бекітілді.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен 2014 жылдың 20 тамызында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанынан құрылған тұрғындар денсаулығының қауіп қатерін бағалау лабораториясы Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының бір жүйесі Химиялық заттардың қауіп қатерін бағалаудың мүшесі болып бекітілді. Осыған байланысты лабораторияның өкілі Кенесары Д.У 2014 жылдың 8-10 қазан айында Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының басқаруымен өткізілген Париждегі жиынға қатысып келді.

Кездесуге дүние жүзінің Солтүстік және Оңтүстік Америкадан, Еуропа одағынан, Оңтүстік шығыс Азия мен Африка құрлығынан 50 жуық өкілдер келіп қатысты. ТМД мемлекеттерінің атынан Ресей федерациясы мен Қазақстан келіп қатысты.

Кездесуде қауіп қатерді бағалау бойынша дүние жүзілік жеткен жетістіктер туралы баяндамалар оқылды. Топтық талқылауда қауіп қатердің анализдік әдістерін енгізу мен дамытудың негізгі қазіргі замандық мәселелерін, биомониторинг, халықаралық әдістер мен стандарттар, зерттеу әдістерін дамыту мәселелері талқыланды.

АҚШ, Африка, Азия ғылыми институттарының атынан конференцияның делегаттарына жоба бойынша 16 ұсыныс түсті. Делегаттардың міндеттеріне басым жақсы жобаларды жинап дүние дүзілік денсаулық сақтау ұйымының бір мақсаты ретінде енгізу болды. Мұнайды фрэкинг әдісімен алу жобасы ұсынылды. ҚазҰПУ дің базасында орналасқан лабораторияның жұмыстарына да ерекше қызығушылықтар болды.

Талқылаудың қорытындысында Лабораторияның жұмыстарына әлемдік институттар мен ғылыми зерттеу орталықтары өз қызығушылығын білдірді. Олар: Солтүстік Техастағы денсаулықтың ғылыми орталығы, Ұлыбританиядағы радиациялық орталық, IRAS (Нидерланды), ICPS (Италия), NIEHS (АҚШ), және де жалпы денсаулықтың ұлттық институты (Квебек, Канада). Қызығушыларға Лаборатория атынан керек материалдары берілді, Жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі Кенесариев У.И. жетекшілігімен өткізілген «Тұрғындар денсаулығының қауіп қатерін бағалау мен басқарудың экология-гигиеналық және медико-профилактикалық технологиялары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға арнайы шығарылған мақалалардың Хабаршы №3(1) 2014 жіберілді.