Тіршілік қауіпсіздік негіздері (ТҚН)курсының модулі

Т.Қ.Н модулінде студенттерді оқытып үйретуде пәннің негізгі міндеті- олардың болашақ мамандар дәрежесінде және мемлекеттік қызметкерлер ретінде Қ.Р. 1997 ж.

7- мамырында жарық көрген « Азаматтық қорғаныс туралы» Қ.Р. заңының талаптарына сай қызметтік құрылымдар мен қызметтік шараларды ұйымдастыруын басқара білетін А.Қ. және Апат медицинасының қызметтерінің бірі ,бір де болса бірегейі саналатын бейбіт және соғыс уақыттарында қалыптасулары мүмкін табиғи және жасанды сипаттағы төтенше жағдайларда өзінің аса маңыздылығымен ерекшеленетін ең қымбат мүмкіндік, өмір сүру қасиетін сақтайтын қызмет. «Т.Ж.-ларда зақымданған халыққа медициналық көмектерді көрсетуді» жеткілікті дәрежеде ұйымдастырып орындау барлық медициналық көмектерді беруде кәсіби орындаушылық биіктікте болу қажеттіліктерін университет оқып үйретуде ,кәсібилендіруде.

Т.Ж.-лар қасіреттері кезінде өнімді және тиімді қызмет атқаруға мамандармен ұйымдастырушы басшылардың нақтылы және бағытты ой- өрісін дамытып, шұғыл сәтте дұрыс шешімге келулері аса құнды ,кәсіби. Олай болса,оларды біздің оқу ұямыздың болащаққа аттанамыз түлектері аясында дәрменді тәжірибелік ілім-дағдыларға ие болады.Т.Қ.Н. модулінде 1,2,3 курс студенттері машықтанып білім үйренуде.

Осы күндері Т.Қ.Н. модулі деп аталатын ұжым алғаш рет 1940 ж. қаңтар айында Қазақ Медициналық Мемлекеттік Алматы Институтының аясында осы күнгі әскери кафедраның құрамдас тәртібі «Жергілікті ауа шабуылынан қорғау» курсы болып 3-рангадағы әскери дәрігер , доцент Виталий Васильевич Чудиновтың меңгеруімен ашылып студенттерді оқытты.

1964 жылдан ұжым « Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметі курсы болды,ал 1988 ж. А.Қ-ға қатысты реформаға сай аталған курс «Төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру» курсы болды және дәреже көтеріліп ,оның меңгерушілігіне доцент Виктор Алексеевич Щурин мырза тағайындалды. Бұл азамат кәсіби дәрігер –гигиенист, І- санатты эпидемиолог ,медицина ғылымдарының кандидаты , доцент,Қазақ ССР Денсаулық сақтау қызметінің үздігі , Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің және денсаулық сақтау қызметінің ұйымдастарушысы.

1

Виктор Алексеевич Щурин

1963 жылы Алматы Мемлекеттік Медицина Институтының санитарлық-гигиена факультетін тамамдап,алғашқы мамандық қызметін Орал қаласының Қазақ темір жолы санитарлық-эпидемиологиялық станциясынан бастаған.Одан 1965 жылы көкек айында Қазақ темір жолы санэпидстанциялық жолдың СЭС-ң эпидемиологі,кейіннен СЭС-ң бас дәрігері қызметін атқарған. 1974-1979 жылдар аралығында – Қазақ Кеңес кәсіподағының мемлекеттік-әлеуметтік сақтандыру бөлімінің меңгерушісі болған.

1983 жылы медициналық қызметкерлердің республикалық кәсіподағы комитетінің хатшылығына сайланды, ал 1984 жылы « Ертіс өзенінің Қазақ ССР аймағындағы салаларының санитарлық-гигиеналық жағдайын болжау мәселесі бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.

1985 жылы Алматы мединститутына оқытушылыққа ауысқан. 1986-1993 жылдарда С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік Медицина университетінің санитарлық-гигиеналық факультетінің деканы болған. 1989-2013 жылдарда Т.Ц.Н. ұжымының меңгерушісі қызметін атқарған.2014 жылдың күзінде денсаулығына байланысты оқытушылық қызметін тоқтатқан.

Қызметін атқара жүріп көптеген ғылыми мақалалар ,оның ішінде 3 санитарлық- гигиеналық сала мамандарына арналған әдістемелік нұсқау ,1 дәрігер-эпидемиологтарға арналған оқулық курсынан басқа авторлармен бірігіп баспадан шығарған.

Доцент Щурин В.А. Қазақстан кәсіподақ комитетінің мүшесі (ҚКОК) оның Республикалық президиумының медициналық қызметкерлерінің саласының тұрақты мүшесінде бірнеше мәрте сайланған. Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі,

жергілікті кеңесінің санитарлық-гигиеналық факультетінде төраға болған.

КСРО денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау үздігі» кеуде белгісімен, Бүкілодақтық орталық кәсіподақ кеңесінің Қазақ ССР денсаулық сақтау министрлігінің,

ҚазҰМУ-ң грамоталарымен марапатталған.

2003 жылдан ұжым Т.Қ.Н. курсы болды, 2006 жылы әскери кафедра құрамынан дербестеніп, өзгерістер енгізіліп эпидемиология кафедрасына қосылды,ол 2012-жылы модульге айналды, содан 2013 жылы Т.Қ.Н. модулінің бастаушысы болып медицина қызметінің кандидаты, доцент С.М.Зикриярова ханым тағайындалды.

2

Зикриярова Санам Махсутжановна

Доцент, медицина ғылымдарының докторы Зикриярова Санам Махсутжановна 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының санитарлық-гигиеналық факультетін үздік бітіріп Алматы мединститутына қызметке арнайы шақырылып оқытушылыққа тағайындалған. 1992-2006 жылдарда эпидемиология кафедрасының оқытушысы болған.

2006 жылы «Жер сілкінуде эпидемиологиялық бақылап қарауды пысықтап жетілдіру» тақырыбынан ғылыми дәрежесінің кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2013 жылдан үздік өткен аттетациядан соң Т.Қ.Н.модулінің бастаушысы қызметіне бекітілген. Доцент С.М.Зикриярова ханымның бірнеше ғылыми-диссертацияларының көптеген мақалалары бар.Оның жеке бастаушылығымен ұжымда жаңа арна- бағытта интербелсенді оқу тәсілдері қолға алынып, тәжірибеге батыл да сәтті енгізілуде.

Модульдің оқу ғимаратымен,оқу материалдық негізінің жұпынылығына қарамастан оқыту-үйрету , машықтану сабақтарын өткізуде көрмелі-тыңдалынбалы болып оқу құрал жабдықтары ,қабырға тақырыпты-ілмелі ақпараттар ,мультимедиалық қолданбалар барынша кең көлемде ендіріледі. Ұжымда студенттермен ғылыми-зерттеу үйірмесі,тәрбиелік – мәдени жұмыстар ұйымдастырылып іске асырылуда.

3

Қорыта келе айтарымыз Т.Қ.Н. модулі ұжымы өзінің белсенді еңбек талпыныстарымен Қ.Р. болашақ медицина мамандарын даярлауда өзінің үйлесімді үлесін қосты.