«Тұрғындар денсаулығының қауіп қатерін бағалау мен басқарудың экология-гигиеналық және медико-профилактикалық технологиялары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция.

«Тұрғындар денсаулығының қауіп қатерін бағалау мен басқарудың экология-гигиеналық және медико-профилактикалық технологиялары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция.

2014 жылдың 19-20 қыркүйегінде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Даңқ залында Жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі Кенесариев У.И. жетекшілігімен «Тұрғындар денсаулығының қауіп қатерін бағалау мен басқарудың экология-гигиеналық және медико-профилактикалық технологиялары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға 100-ден астам делегаттар келді.

Өткізілу орны: ҚазҰМУ (Төле би, 94), корпус №1, Даңқ Залы

Конференция жұмысына Қазақстанның әр түрлі аудандарынан, жақын (Россия федерациясы) және алыс (АҚШ) елдерден өкілдер келіп қатысты.

Конференцияға қатысушылар: Қазақстан тамақтану академиясының президенті, академик Шарманов Т.Ш., академик Рахманин Ю.А., С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры, м.ғ.д., профессор Ақанов А.А.; ҚР мемлекеттік санитарлық врачы Бекшин Б.Ж.; м.ғ.д., профессор Перевалов А.Я. (Пермь, РФ); академик Тулебаев Р.К.; American University профессоры, доктор Ph.D. Майкл С. Броди (Вашингтон, АҚШ); профессор Долгих О.В.; медициналық университтердің, ғылыми зерттеу институттарының белсенді жетекшілері, Қаз ҰМУ оқытушылар құрамы мен Қоғамдық денсаулық сақтау және Жалпы медицина мамандығының 1-6 курс студенттері қатысты.

Халықаралық ғылыми практикалық конференцияда оқылған баяндамалар талқыға салынған ғылыми бағыттардың жиынтығын көрсете білді.

Конференцияның қатысушылары ҚР қоршаған ортаның ластануы және атмосфера ауасы, суы, топырағы ластануының тұрғындар денсаулығына әсерін ескертудеге байланысты үлкен жұмыстар жүргізіліп отыратындығын атап өтті. Қазақстанның қарқынды түрде экономикасының дамуындағы салынған өнеркәсіптер қоршаған орта нысандарын және халық тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіріп отырғанын да ескеріп өтті.

Қазіргі уақытта қоршаған ортаның жағымсыз факторларының нәтижесінде адам денсаулығының қауіп қатерін бағалауға дүние жүзі бойынша көңіл бөліп отыр. Қауіп қатердің дәрежесін есептеудегі алынған білім өз уақытында қоршаған ортаның қолайсыз әсерін болжауда көмектеседі және алдын алу шараларды жүзеге асыруды жеңілдетеді.

Қазақстанда тұрғындар денсаулығының қауіп қатерін бағалауды зерттеу әлі қажет қарқынын алған жоқ.

Конференцияға қатысушылар жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере келе қауіп қатерді бағалау мен басқарудың әдістерін ғылымға және практикаға енгізу керек деп санайды.

Конференциядағы жағдайды жүзеге асыру үшін тұрғындар денсаулығының қауіп қатерін бағалау мен басқарудың Ұлттық ғылыми практикалық орталығын құру керек деп шешті.