Қош келдің, Наурызым!

20 наурыз күні «Коммуналдық гигиена және Балалар ме жасөспірімдер кафедрасында «Қош келдің, Наурызым» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Баршамызға белгілі 22-наурыз бүкіл қазақ кауымының жаңа таңының жаңа қадамы, яғни жаңа жыл мерекесі. Бұл мереке адамзат баласына тек нұры мен шуағын, шапағаты мен қуанышын сыйлап, ешбір жанның жүзіне күлкі сәулесін төкпей қоймасы анық. Қайғы мұңның бәрі ұмытылып, алдыңғы күндерді тек қуанышқа толтырудың жолы ашылады.

Ұстаздар мен студенттер кештен жақсы әсер алып, көңілдерін көтерді. Кеш соңында мерекемізге ат салысқан доцент Уважанова А.С. мен бірнеше студенттер марапатталды (19 студенттер). Наурыздың көркі ақ пен ұлттық тағамдар болса, біздің дастарханымыздан ол да табылып жатты.

Мерекелік кеш тәрбие ісіне жауапты доцент, ҚазҰМУ профессоры Джуланова К.Н. ұйымдастыруымен өтті.

 

«Қош келдің, Наурызым!»

  1. Булякбаева Гулнур:

Қадірмен халайық, қалың елім,

Өнер сүйер қауымға сәлем бердім.

Көтер көңіл, жалықпа, осы кеште

Күлкі толы керуенді ала келдім.

Қош келдіңіздер қадірлі де құрметті ұстаздар мен студенттер! Баршамызға белгілі 22-наурыз бүкіл қазақ кауымының жаңа таңының жаңа қадамы, яғни жаңа жыл мерекесі. Бұл мереке адамзат баласына тек нұры мен шуағын, шапағаты мен қуанышын сыйлап, ешбір жанның жүзіне күлкі сәулесін төкпей қоймасы анық. Қайғы мұңның бәрі ұмытылып, алдыңғы күндерді тек қуанышқа толтырудың жолы ашылады.

Күн шығыстың самал желі ескенде,

Күн күлімдеп, шуақ нұрын төккенде

Даламызды жадыратып жаңа жыл,

Біздің елге келеді ылғи көктемде.

Олай болса, жастардың бойына салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты кеңінен насихаттау мақсатында өткізгелі отырған әдеби-сазды кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, – деп Абай атамыз айтқандай кезекті әсем әнге береміз. Алдарыңызда Бекбосынов Ғалымжан.

2 Гулнур:

Қазақ халқы әрдайым салт-дәстүр, ырым –тыйымға сене отырып, ұлт қазынасын жоғары бағалап, биік ұстайды. Мысалыға жас отау иелерілерінің де қыз ұзату, беташар, үйлену той, келін түсіру, алып қашу дегендей көптеген салттары кездеседі. Ендеше кезекті «Беташар» көрінісіне берейік.

3 Гулнур:

Бұл мерекенің өзіндік ерекшеліктері мол. Бұл күні достық жалауы желбіреп, ұрысқан адамдар қайта табысып, ренжісіп жүргендер кешірім сұрасып, қайта татуласып жатады.

Көктем исі бұрқырайды бар маңнан,

Өзгеріске тау мен дала таңқалған.

Қабыл алың, ұстаздар мен бауырлар

Өнеріміз өздеріңе арналған, – дей келе Ортаға Сағындықова Гүлзираны шақырамыз.

Якунин Александр: Веселый праздник Наурыз

Сегодня мы встречаем,

И дверь в весну в который раз

Мы снова открываем!

Встречайте Султанкулова Актолкын, с песней «Нурлы коктем»!!!

4. Гулнур:

Сары аяққа толтырып сары уызын,

Құт мереке, қош келдің, Наурызым!

Сен де келдің көктемде төлдің басы,

Мағыраған бұйра шаш қара қозым.

 

Бар дүние наурызда сілкінеді,

Жарасады кәрі, жас күлкілері.

Жердің беті құлпырып шыға келді.

Ақша қармен жанарын сүртіп еді.

Алдарыңызға Қожақметова Әсем қыздарыңызды әсем биімен шақырамыз.

Якунин Александр:Для всех сегодня вход открыт,

Для всех гостей раздолье!

С утра веселый кюй звучит

На степном приволье!

А теперь к вашему вниманию «КЮЙ» в исполнении Сундутовой Сымбат!!! Встречайте!

 

5. Гулнур:

Жүрегімнің қоңырауын сылдыр қағам,

Көктемнің махаббаты ыстық маған.

Өз нұры мен пәк сезіммен аялаған,

Мұны айтпай қалайша мен үнсіз қалам, – дей кезекті қара өлең шумақтарына береміз. Алдарыңызда Мейірбекова Фариза.

Александр:Как солнце ярко светит

И землю согревает!

Пришла Весна, и добрый луч

Любовью Озоряет!!!

Стихи Весны-Любви глася –

Встречайте Тураулова Балнура с песней «Бір тілек»

 

6. Гулнур:

Шат-шадыман көңіл-күйге орана отырып, мейрамды қазақтың ертеден келе жатқан «Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық,»- деп негізге алатын «Құдалық» көрінісмен жалғайық.

Александр: В продолжении сватьям

Представить так спешу я Вам!

Традицию еще одну

Где замуж Дочку выдают!

К Вашему вниманию 412 группа со сценкой «Қыз ұзату»!!!

7. Гулнур:

Жан атаулы құлпырады көктемде,

Қызғалдақтар жайқалады бөктерде.

Көктем үнін бар әлемге сезіндіріп,

Жұмбақ әуен төгіп жатыр көк перне, – дей кезекте Биназырдың орындауында күйді тыңд Александр: Веселья смех и радость Дней

Наурыз принес , Дыши смелей!!!

Резвись, танцуй и в этот день.

Весна пришла,взяла нас в плен!

И в танцах вместе закружим-

Встречайте танец «Әке толғауы» !!!

 

8. Гулнур:

Алдарыңда әдемі де әсем әнімен Сарманбетова Назираны шақырамыз.

Саша: Цвети земля –моя Земля!!!

Все радости полны тобой!

Отчизна Родина моя

Моя Земля,Моя Любовь ,Моя Весна!!!

К вашему вниманию потриотическая песня «Атамекен» в исполнении 414группы

 

9. Гулнур:

Наурыз мереке мен той, думанның нағыз қайнаған ортасы. Бұл кезде барлық адам өз өнерлерін ортаға салып, қыстан аман шыққандығын тойлайды. Небір сөзге шешен дүлдүлдер айтысып та жатады. Ендеше сол «Айтыстан» үзінді тамашалайық.

10. Гулнур:

Ән мен күй – өнерпаздың қос қанаты,

Өмір-бейге, өнері- қосқан аты.

Соларменен адамның жаны сұлу,

Соларменен еліміздің асқан аты. Ендеше, гитарасымен талай ортаны тамсандырып та, таң қалдырыпта жүрген Абдукаримова Лаззат қыздарыңызды ортаға шақырайық.

11. Гулнур:

Қай ұлт, қай халық болмасын өзіне тән өнері, әні, биі болады. Бұл думанды бізде «Қара жорға» биінсіз елестете алмасымыз хақ. Олай болса ұстаздар мен студенттерден құралған топ қара жорға биін билейді. Қарсы алыңыздар.

12. Гулнур:

Наурыз мерекесі тағы бір рет құтты болсын. Еліміз аман, көк байрағымыз әрқашан желбіреп, халқымыздың тұғыры биік болсын.

Ал мен сіздерге:

Көктемнің бар гүлдерін, сайраған құс үндерін,

Махаббаттың түндерін, күлімдеген күн нұрын,

Көк аспанның мөлдірін, теңіздің ақ толқынын,

Әлемдегі бар қызықты пәк сезіммен арнаймын.

Назарларыңызға рахмет. Қош, сау болыңыздар.

Сценарий

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11