Ғылыми- зерттеу жұмыстары

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Кафедра қызметкерлерінің «Еңбекжәнеқоршаған ортаны қорғау саласындағы магистрлік бағдарламаларды үйлестіру және өзара тану / HARMONEE Erasmus plus», «Ковид-19 пандемиясының және өмір салтына шектеу шараларының әсері» және Қазақстандағы денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділік, «Қазақстандағы демографиялық процестердің, миграцияның, урбанизацияның факторларын, ерекшеліктерін және динамикасын зерттеу, цифрлық карталар мен болжамдарды әзірлеу», «Импульсті электродепофорезге арналған аппарат», «COVID 19 бар науқастардағы жасушалық иммунитет пен ішек микробиомасының жағдайы» Саумал қолдану кезінде» «Созылмалы грануляциялық периодонтитті емдеудегі импульстік режимдегі дәрілік электрофорездің тиімділігін клиникалық-иммунологиялық бағалау» сияқты ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысуы.
  2. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмыстары жыл сайын импакт-факторы бар шетелдік рецензияланатын журналдарда, сондай-ақ ҚР БҒМ БҒСБК журналдарында, журналдар мен ғылыми іс-шаралар материалдарының жинақтарында, басқа да журналдарда (соның ішінде шетелдік) жарияланады.
  3. Қызметкерлердің «Erasmus Plus» бағдарламасы бойынша Еуропалық комиссия қаржыландыратын университеттерде білім мен ғылымдағы инновациялық әдістерді әзірлеу және енгізу» халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы, «Алғашқы медициналық көмек көрсетудегі инновациялар» халықаралық конгрессі сияқты ғылыми іс-шараларға қатысуы және басқалар.