Кафедраның тарихы

Кафедра тарихы

Нутрициология кафедрасы

Тағамтану кафедрасы 1993 жылдың 23 қазанында шыққан ҚР ДМ №446 бұйрығының және 1993 жылғы 16 қарашада өткен ҚазҰМУ –нің ғылыми кеңесінің шешімі негізінде 1994 жылы 1 қыркүйектен бастап құрылды.

Тағамтану кафедрасы емдеу, бала емдеу, медикалық-профилактикалық факультеттерінің студенттерін «емдәммен емдеу» және «тағам гигиенасы» пәндерінен дайындау және болағақ мамандарда нутрициология саласындағы сауаттығын қалыптастыру үшін 1994 жылы құрылды.

Нутрициология кафедрасының ұжымы кең таралған тағами заттектердің жеткіліксіздігін алдын алу және нутрициология обласында жүргізіліп жатқан фундаменталды және қолданбалы медикалық-биологиялық зерттеулерге; тағам өнімдерінің қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз етуге арналған санитарлық нормаларды және стандарттарды өндеуге; салауатты нутрициология насихаттауды жетілдіруге; тағам гигиенасы дәне емдәммен емдеу мәселелері бойынша мамандармен дәрігерлерді дайындауға; халықтың әр-түрлі топтарының нутрициологияын тиімділеуге әдістемелік және кеңестік көмек көрсету.

ҚҰМУ Ғылыми кеңесінің шешімі (26.01.2010 ж., №5 хаттама) бойынша, 2010 жылдың 1 қыркүйегінде «тағамтану» кафедрасы жаңа «нутрициология» кафедрасы деп қайта аталды.

Миссиясы

Барлық факультеттерде оқитын студенттерге емдәммен емдеудің негіздерін және салауатты нутрициологиядың принциптерін үйрету. Қазақ нутрициология академиясының базасында қоғамдық денсаулық сақтаудың ең түйінді мәселелерін анықтауға қатысу, олардың оңтайлы шешімін белгілі әкімшілік құрылымдарға ұсыну, Қазақстанда ауқатқа тәуелді ауруларды алдын алуға және халықтың нутрициологияын тиімділеуге іс-әрекеттің жоспарын өнедеп шығаруға қатысу.

Болашақты болжауы

Тағатану кафедрасының жұмысы болашаққа бағытталған, онда С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әр түлегі рационалды (тиімді) нутрициологияды қолдану арқылы, адамдардың денсаулығы қолайлы болуға жағдай жасайды.

Нутрициология кафедрасы өзінің болжауына жету үшін келесі принциптермен бағыттарды ұстанады:

  • Студенттердің тағам гигиенасы және әртүрлі ауруларда емдәммен емдеудің әдістемелік негіздері бойынша білімдерін нығайту.
  • Нутрициологиядың жалпыұлттық проблемаларын өңдеу және жарыққа шығару, сонымен қатар халықтын сезімтал топтарына фокусты бағыттау.
  • Барлық діндерде, ұлттарға, нәсілдерге жататын адамдарымен жұмыс істеу.
  • нутрициология сұрақтарына және тағам өнімдеріне қатысты адам құқықтарын мойындауға және орындауға өзінің іс- әрекеттін негіздеу.

Тағамтану кафедрасы 1993 жылдың 23 қазанында шыққан ҚР ДМ №446 бұйрығының және 1993 жылғы 16 қарашада өткен ҚазҰМУ –нің ғылыми кеңесінің шешімі негізінде 1994 жылы 1 қыркүйектен бастап құрылды.

ҚҰМУ Ғылыми кеңесінің шешімі (26.01.2010 ж., №5 хаттама) бойынша, 2010 жылдың 1 қыркүйегінде «тағамтану» кафедрасы жаңа «нутрициология» кафедрасы деп қайта аталды.

Нутрициология каферасының ұйымдастырушысы әлемге белгілі ғалым – Қазақ нутрициология академиясының президенті академик Т.Ш. Шарманов.

Қазақ ұлттық медициналық университетінің нутрициология кафедрасы Совет Одағының және ТМД елдерінің медициналық жоғарғы оқу орындарының тарихында тұнғыш рет ашылды. Жалпы тәжірибеде жұмыс істейтін дәрігерлерге емшекпен емізудің, нутрициологияның, диетологияның, тағам гигиенасының түйінді мәселелерін оқыту үшін Республиканың барлық медициналық университеттерінде кафедралар құрылуына зор үлесін қосқан академик Т.Ш. Шарманов.

Кафедра 1994 жылы ашылғанынан бастап оқу процессін ұйымдастыруға м.ғ.к., доцент М.А. Ахметов тағайындалды.

1995 жылдан 1999 жылға дейін нутрициология кафедрасының тұнғыш профессоры З.К. Қонақбаева болды, осы кезенде кафедрада м.ғ.д., проф. Саулебекова М.С., м.ғ.к. доц. К.М..Мендыгалиева қызмет істеді. Тағам гигиенасын бірінші рет бастап оқытқан ассистент М.В. Ли, ал балалардың нутрициологияы бойынша сабақты Г.У. Имакова жүргізді. 2005-2013 жж. аралығында кафедрада оқу ісінің меңгерушісі міндетін м.ғ.к., доцент Бужикеева А.Б. атқарды.

Кафедрада медикалық – профилактикалық факультеттің студенттеріне «Тағам гигиенасы» пәні оқытылады.

ГОСО РК 3.08.388- 2006 сәйкес кафедрада 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау», 051301 – «Жалпы медицина», 051101 – «Мейірбике ісі» және т.б. мамандықтары бойынша студенттер оқытылады. 2010 жылдан бастап «Нутрициология» пәні бойынша онкология, урология, акушерлік-гинекология, психиатрия, аллергология және клиникалық иммунология, кардио-ревматология, хирургия, педиатрия, фтизиатрия, дерматовенерология мамандықтарының резиденттері дайындалады.

Кафедра негізгі профилі бойынша медициналық-профилатикалық факультеттің кафераларының тізіміне кіреді.

Бірінші күнінен бастап конкурстық әдіс арқылы қазақ және орыс тілдерін білетін оқытушылар жұмысқа шақырылды. Нутрициология кафедрасында қазіргі кезде келесі ғалымдармен оқытушылар жемісті жұмыс істеп жүр: доценттер: М.С.Қайнарбаева, С.А.Быкыбаева, Г.Х.Хасенова, А.Б.Чуенбекова, Е.Ю. Ушанская, А.Б.Бердыгалиев, А.Н.Қожахметова, А.Қ. Беисбекова, және кафедра лекторы Ергешбаева Р.Б. секілді сенімді қызметкерлер жұмыс атқаруда.

Медициналық білім беру сапасын және ғылымды дамыту мақсатымен ҚҰМУ және Қазақ тағамтану академиясы инновациялық – білім беру консорциумын құрастырды, соған сәйкес шартқа отырған жақтар өздерінің интелектуалдық, еңбектік, материалдық –техникалық және басқа да ресурстарды біріктіріп, медициналық білімдердің сапасын жетілдіру, ғылыммен тәжірибені біріктіру мақсатына жету үшін бірге жұмыс істеуге келісті.

Нутрициология кафедрасының оқу базасы академик Т.Ш. Шарманов басқаратын Қазақ нутрициология академиясында орналасқан. Кафедра қазіргі кездегі оқу-әдістемелік нұскаулармен, компьютерлік құралдармен және оқу процессіне арналған техника мен жабдықталынған.

  1. Кафедра атауы: «Нутрициология»
  2. Кафедраның орналасуы: Клочкова 66, ЖСС «Қазақ Тағамтану Академиясы», 1 қабат
  3. Жұмыс телефон: 375-23-13, [email protected]
  4. Білім беру бағдарламалары:

Бакалавриат: В089 «Қоғамдық денсаулық сақтау»,

В086 «Жалпы медицина», В087 «Стоматология», В088 «Педиатрия», В085 «Фармация».

Магистратура: МПД НПН, ОЗ НПН.

Резидентура: «Гастроэнтерология взрослая, детская» R004