«Анализ данных в среде R» тақырыбы бойынша семинар өткізедi

2016 жылдыңсәуір айының 7 — жұлдызынан 26 — жұлдызыаралығында биостатистика және ғылыми зерттеур негіздері кафедрасының оқытушылары Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессорлық-оқытушылар құрамы үшін «Анализ данных в среде R» тақырыбы бойынша семинар өткізеді.СеминардыХ.С.Насыбуллин атындағы педагогикалық шеберлік Мектебі ұйымдастырған.Семинар мақсаты қатысушыларға ғылыми – зерттеу жұмыстарында деректерді алу және талдау үшін R негізгі мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік беретінбілімді және практикалық дағдыларды беру. Барлығы 5 сабақ өтеді, әрқайсысы 2 сағаттан, сабақтарда келесі тақырыптар қарастырылады: бағдарламаны орнату және іске қосу; деректерді оқу және жазу, олармен операциялар жасау; негізгі статистикалық функциялар; графиктер; программалау элементтері.