Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара өтті

24.12.2014 ж. «Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес қоғамдық сақтау факультетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шара өткізілді.

23.11.16г. Қ.И.Қарақұлов атындағы аудиторияда «Біздің таңдауымыз жемқорлықсыз — болашақ» тақырыбында жемқорлыққа қарсы іс шара өтті. Шара «Жалпы гигиена және экология», эпидемиология және халықаралық денсаулық сақтау кафедараларының қатысуымен ұйымдастырылды (жауаптылар: Анамбаева А.И., Ж.Б.Бейсенбинова, М. Серикулы,).

Іс шараны факультет тәрбие жөніндегі декан орынбасары Уважанова А.С. ашты. Алғы сөз студенттердің тәрбие жұмысы жөніндегі Ректор кеңесшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, профессор Мустафина Ж.Г. және Нұр Отан партиясының өкілі Құлманбетов Исатай Азимұлына, студенттермен жұмыс жасау басқарма басшысының орынбасары А.А. Байзахановқа берілді. Қоғамдық денсаулық сақтау және жалпы медицина факультеттерінің студенттері бұл іс-шараға ерекше белсенділік танытты және қатысушыларды өз көрегенділігімен және өнерпаздылықтарымен таң қалдырды. Шараға жалпы гигиена және экология, эпидемиология және халықаралық денсаулық сақтау кафедараларының ПОҚ және «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің 3,4 және «Жалпы медицина» факультетінің 1,3 курс студенттері белсенді қатысты.

Шара соңында қатысушыларға мақтау қағазы берілді, келген қонақтар шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.