«Философия және медицина»

«Философия және медицина»

24-шы қазанда Техас Техника Университетінің (АҚШ) профессоры Марк Вебб Оуеннің қатысуымен Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасында «Философия және медицина» атты ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылды.

Конференцияда «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттері қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде төмендегі тақырыптардағы баяндамаларды оқыды:

ü «Дәрігер дүниетанымын қалыптастыруда философияның ролі» Ботабеков Т. ЖМ013-41 топ студенті. Жетекші: Оспанов Т.Т.

ü «Өмір философия мен медицинаның бағалау нысаны ретінде: қазақ философиясы мен халықтық медицинада» Ермекбай А. ЖМ013-28 топ студенті. Жетекші: Турсунбаева С.Д.

ü «Медицинаның философиялық-этикалық мәселелері» Айтбаев Ж. ЖМ013-41 топ студенті. Жетекші: Анасова Қ.Т.

ü «Медицина философиясы мәдениет феномені ретінде» Зеленская Е. Жетекші: доцент Бисембаева З.У.

ü «Дін философиясы» ЖМ013-41 топ студенті Абдраимова Д. Жетекші: Сембаева М.М.

Конференция соңында кафедра меңгерушісі, доцент Бисембаева З.У. мен профессор Марк Вебб Оуен студенттердің баяндамаларына жоғары баға беріп, тақырып аясындағы сұрақтарды талқылады.

 

Оқытушы Сембаева М.М.