UNITY «Экофест»

UNITY «Экофест»

21 ақпан 2015 жылы Алматы қаласындағы Орталық саябағында UNITY «Экофест» Отбасылық фестиваль ұйымдастыру комитетінің МультиОлимпиядалық Қысқы ойындар жарысы өтті.  Жарыс мақсаты: жастар мен қала тұрғындары арасында салауатты өмір салты мен дене белсенділігін насихаттап, спорттық ойындармен шеберліктерін жоғарылатуды көздеді. Осы айтулы жарысқа С.Ж.Асфендияров ҚазҰМУ студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту Департаментінің қолдауымен және нутрициология кафедрасының аға оқытушысы Қожахметова А.Н. басқаруымен «KazNMU students» командасы: Абдукаримов Санжар, Тындыбай Сержан, Исаева Хасият, Кунтуарова Арна, Нуркенов Рауан, Қанат Анель, Зауытбек Ернат, Ажибекова Жұлдыз, Ғұматай Асылхан, Ерғали Жанбота және осы студенттік ұйым мүшесі Муслимхан Арнұр.

 Ал «Авиценна» командасы: Бейбитова Аякөз, Әбдірахманов Смайыл, Жарасова Қарлығаш, Гаухарбек Ислам, Әбден Ақмаржан, Мауытқазиев Ерхат, Досымбеков Ерлан, Садыков Ренат, Саумбай Жағыпар, Имантаев Бақдаулет, Тургалиева Ақмарал, Блаш Айдана. Сондай-ақ Алматы қаласының көптеген ЖОО студенттерінен 14 команда қатысып бақ сынасты.

Жарыс бағдарламасы бойынша — туристік кедергі алаңы, велотрасса, биатлон, стритбол, көңілді старттар, экологиялық викторина, ағаш отырғызу, зумба биі, арқан тартысу, шығармашылық өнер сайыстарынан барлық командалар сайысқа түсіп, өздерінің спорттық дағдыларын шыңдап, білектерінің күшін сынады. Біздің «KazNMU students», «Авиценна» командалары әсіресе экологиялық сұрақтар бойынша білімдерін көрсетіп, ағаш отырғызуда ептіліктерін, командалық рухтың басымдығын байқатты. Ал  «KazNMU students» командасы барлық ЖОО арасынан ең білекті күштің иелері екендігін арқан тартысуда еш командаға дес бермей, ең үздік деп танылды.  Өнер сайысында біздің студенттеріміз жанды дауыста ән шырқады. Жарысқа қатысқан спортсүйер студенттеріміз бір сәт сабақтан бос уақыттарында, денсаулықтарына пайдалы белсенді спортты насихаттап қана қоймай,  өздері велосипед теуіп, түрлі сайыстарда университетіміздің абыройын жоғары ұстау үшін, жеңіс үшін командамен жұмыла тер төгіп, ұйымшылдықтарын көрсете білді. Ең бастысы біздің командалар — болашақ дәрігерлердің тек білімді ғана емес, спорттық сайыста да бәсекеге қабілеттіліктерін дәлелдеді. Жарыс соңында 1 орын Туризм және спорт академиясы, ІІ –орын АлМУ, ІІІ-орын ҚазҰУ иемденді. Командалық балл есебімен біздің командалар 5 орынды иемденді. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар беріліп марапатталды. Барлық қатысушылар бүгінгі шарадан ыстық ықыласпен, көтеріңкі көңілмен тарқады.