«Діни экстремизм және терроризмді жастар арасында болдырмауды алдын алу»

«Діни экстремизм және терроризмді жастар арасында болдырмауды алдын алу»

25.04.2014 жылы «Жалпы гигиена және экология» кафедрасының оқытушысы Досжан Бахытгуль Науханқызының ұйымдастыруымен «Жалпы гигиена және экология» кафедрасында «Діни экстремизм және терроризмді жастар арасында болдырмауды алдын алу» тақырыбында «Медико – профилактикалық іс» мамандығы 12-003 тобының -2 курс студенттерінің арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Негізгі міндеттері: Интернет желісіндегі экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы тұруды, экстремизм мен терроризм идеологиясының кері әсерлерін жастар арасында тұрақты түрде түсіндіру.

Негізгі мақсаты: терроризм мен экстремизмді болдырмаудың алдын алу шараларын қамтамассыз ету.

Дөңгелек үстелде студенттер төмендегі тақырыптағы сұрақтарды қарастырды:

  1. Қақстанды қандай мемлекетке жатқызуымызға болады? ҚР қандай дін жақсы дамыған?
  2. Діни бірлестіктер мен қызметтер туралы ҚР заңдары?
  3. Діни экстремизм және ҚР экстремизм
  4. Ең қауіпті секталар және ҚР секталар
  5. Терорризмнің пайда болу тарихы?
  6. Қазіргі заман терроризмі туралы түсінік және түрлері
  7. Терроризмнің пайда болуының себептері
  8. Терроризмнің пайда болуының әлемдік жағдайлары
  9. Терроризммен күресудің негізгі принциптері
  10. Қорытынды

Кафедра оқытушылары мен кафедраның тәрбие жұмысы бойынша завучы Бегимбетова Г.А. осы кездесуге қатысты. Ол кісілер осындай іс шараларды студенттердің арасында өткізіп тұру олардың діни сауаттылығын арттыруға көп көмегін тигізеді деді. Жастар өз елінің патриоты болып өсіп, өз елінің көп ұлттылығын құрметтеу керек.

Барлық қатысушылар бір ойда болып кездесу үлкен дәрежеде болды деп айтты. Студенттерге осы кездесу қатты ұнады және болашақта осындай қызықты, пайдалы өзекті мәселелерді қозғайтын кездесулерді өткізіп тұруды дұрыс деп шешті.