Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы аясында өткен

«Қоғамдық денсаулық сақтау басымдықтары — азық-түлік қауіпсіздігі» атты дөңгелек үстелі

27 қараша 2015 жылы С.Ж.Асфендияров Қазақ Ұлттық медицина Университетінің және Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің 85-жылдығына, нутрициология кафедрасының 20 жылдығына орай, АТУ, ҚазҰАУ мен осы кафедраның профессор –оқытушылар құрамы және «Қоғамдық денсаулық сақтау» институтының ұйымдастыруымен «Қоғамдық денсаулық сақтау басымдықтары — азық-түлік қауіпсіздігі» атты дөңгелек үстелі өтті. Шара университетіміздің студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің жоспарына сай өткізілді.

Дөңгелек үстел мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы бойынша ет және сүт өнімдерінің, шикізатының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басым бағыттарына арналған. Университетіміздің дәстүрін сақтау мен көбейту, құндылықтарын дәріптеу.

Дөңгелек үстел жұмысына нутрициология кафедрасының ПОҚ-ы, студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері, тәлімгерлік топ студенттері, АТУ «Азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігі» кафедрасының магистранттары мен студенттері, ҚазҰАУ «Технология және дене тәрбиесі ісі» кафедрасының магистранттары, «ҚДС» институтының СҒҚ-ы белсенді ат салысты.

Дөңгелек үстел бағдарламасы 3 бөлімнен тұрды:

  1. Сүт өнімдерінің қауіпсіздігі,
  2. Ет өнімдерінің сапасы мен сапасын бақылау.
  3. Жаңа ғасыр – Жаңа өнімдер

Дөңгелек үстел академик Т.Ш.Шармановтың алғы сөзімен ашылып, ол отандық азық-түліктің қауіпсіздігі мен ұлттық қышқыл сүт өнімдерін ғылыми тұрғыда дамытудың аса маңызды басымдықтарын айрықша атап өтті. Осы шара аясында ҚазҰМУ баяндамашылары сүт пен ет өнімдерінің қауіпсіздігінің көрсеткіштеріне тоқталса, ал ЖМ мамандығының 3 курс студенті Нарзулла Нодир май қышқылдарының транс-изомерлерінің аса қауіптілігі осы заманғы адамзат баласының басына төнген қауіп екендігі жөніндегі ғылыми деректерімен бөлісіп, оның жаңа ғасырдағы баламасы- бие сүті негізіндегі ұзақ ғұмыр мен қауіпсіз тағам ретінде, Қазақ тағамтану академиясымен дайындалған тағам түрлері айтылды! ҚазҰАУ магистранты сүт пен ет өндірісінің заманауи даму жолдары мен келешектегі ғылыми бағыттарытуралы ақпараттарымен бөлісті. АТУ магистранттары отандық азық-түлік өндірісіндегі қауіпсіздік бойынша халықаралық талаптар мен мемлекеттік саясаттардың маңыздылығы жайында баяндамаларын ортаға салды. Баяндамадан кейін қатысушылар бүгінгі тақырыптар төңірегінде қызу пікірталастар болды. Басқа жоғарғы оқу орнынан келген қонақтар осы өзекті тақырып аясында білікті мамандардың, жас ғалымдардың қатысуымен осындай басқосулар дәстүрге айналуына тілек білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. АТУ профессоры Р.У.Уажанова и ҚазҰАУ доценті С.Қозыкан университетімізді осынау мерейтойымен құттықтады. Нутрициология кафедрасының меңгерушісі Қайнарбаева М.С. барлық қатысушыларға ғылыми табыстар тілеп, осы шара өтуіне белсенді қатысқандары үшін алғыс хатпен марапаттады.