ЖАҚ «Sanema» директоры Гарольда Баубинастың визит жасауы.

2013 жылдың 7-ші қарашасы мен 20-шы қараша аралығында қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының шақыруымен денсаулық сақтаудағы жобаларды және кәсіпорындарды басқару аймағында, сонымен қатар денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесінде жетістіктермен белгілі ЖАҚ «Sanema» директоры Гаральд Баубииос визит жасады.

Осы аралықтарда Гаральд Баубииос 3 курс ЖМ, 4 курс MI, 5 курс ҚДС және кафедралық профессорлық – оқытушылық құрамына қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша және денсаулық сақтауды ақпараттандыру сұрақтары жайлы семинарлар өткізді.

Оқыту барысында мына сұрақтар қамтылды: Литваның денсаулық сақтаудағы реформалары; тәжірибелер мен жетістіктер; Литваның қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі және ұйымдастырушылық құрылымы; Литвадағы профилактикалық программалардың және медициналық көмектердің қайта ұйымдастырылуы; денсаулыққа әсер ететін өмір салты және денсаулық үшін жауаптылық; денсаулық сақтау ұйымдарындағы келеңсіз жағдайлар; Литваның ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы.

Визитинг – профессордың болған уақыттарында алдыңғы уақыттағы қызметтестік жайлы, жаңа ақпараттың технологиялар негізінде медициналық ұйымдарды басқару процесінің модернизациясы, ғылыми проектілерде бірігіп қатысу және шетелдік ғылыми журналдарға бірігіп жариялау жайлы сұрақтар талқыланды.

20131111_10583120131116_123339IMG_3905IMG_3906