ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу халықаралық күніне арналған акция

«АИВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау» модулінің профессор-оқытушылар құрамымы, Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері, «Доверие плюс», Қазақстан Республикасының Қызыл Ай және Крест қоғамы, «Восток-Запад» ЖИТС қоры секілді мемлекеттік емес ұйымдардың және ҚазҰМУ-дың «Жалпы медицина» мамандығының 6 курс интерн акушер-гинеколог, 4 курс студенттерінің қатынасуымен 2016 жылдың 11 мамыр күні ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу халықаралық күніне арналған акция өткізілді.

ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу халықаралық күні 1983 жылдан бері әлемнің 115 елінде атап өтіледі. 2016 жылы бұл іс шара «Қатыстыру, ақпараттандыру және құзыреттілік беру» атты ұранмен өтуде.

Акцияға қатысушылар АИВ-пен жұқпаланғандармен ынтымақтастығын білдіру үшін қызыл лента тағынды. Құлшыныс көрсеткендер анонимді түрде АИВ-ке экспресс-тестілеуден өтті.

Студенттердің баяндамаларынан соң ЖИТС орталығының алдындағы алаңда Алматы қаласында ЖИТС-тен қайтыс болған адамдардың аттары жазылған квилт жайылып, бір минут үнсіздіктен соң аспанға қызыл және ақ шарлар ұшырылды.

Акция аясында студенттердің және АИВ-пен жұқпаланған науқастардың қолымен салынған плакаттарға конкурс жарияланып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Өткізілген іс-шара АИВ-пен жұқпаланған адамдарға қатысты толеранттық қарым-қатынастың дамуына, қоғамда сигма және дискриминация деңгейін төмендетуге бағытталды.