«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық кеші өткізілді

Стоматология факультетінің 2-курс 001, 006 топ студенттері мен Жалпы медицина факультетінің 1 курс 011 топ студенттері және информатика модулінің оқытушылары Баракова А.Ш., Бекенаева К.С.,Жакипова Ш.А. ұйымдастыруымен 20 ақпан сағ 15.00-де «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық кеші өткізілді. Өткізілген орны Алматы қаласы, №2 арнаулы мектеп-интернатында.Кешке стоматология факультетінің декан орынбасары Жубанышева Жаныл Темірбайқызы қатысты.

Кешіміздің мақсаты: Мерекелік кешіміздің негізгі мақсаты қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту болса,

Кеште студенттер өз өнерлерін көрсетті, ән мен биден шашу шашты. Қызықты ойындар ойнатылды. Белсене қатысқан студенттерне мақтау қағазы мен сертификаттар тапсырылды.