“Коммуналдық нысандарға және қоршаған ортаға ескертпелі санитарлық бақылау жүргізу”

Мамыр айының 14 жұлдызында коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиена кафедрасының доценті Д.Б. Бекказинованың кафедра оқытушыларының қатысуымен Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 3 курсының 12 тобымен техникалық оқу құралдарын қолдану арқылы “Коммуналдық нысандарға және қоршаған ортаға ескертпелі санитарлық бақылау жүргізу” тақырыбында ашық интерактивті сабақ жүргізілді. Студенттер белсене қатысып, бар білімдерін салды. Олар қызықты ойындар, сөзжұмбақ, презентация, викториналық сұрақтарды қою арқылы сабақтың тақырыбын аша білді. Сабақты жүргізу барысында кредиттік оқыту жүйесінінің бес компетенциясы бойынша бағалау қолданылды. Осындай интерактивті сабақтар студенттердің білімін дамытуға көмектесетін бірден-бір маңызды іс-шара. Кафедра оқытушылары оқу үрдісін жүргізу кезінде оқытудың интерактивті түрін қолдануды дамыту үстінде.