Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына арналған «Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне туседі» атты әдеби кеш өткізілді

2018 жылдың 19 ақпан күні «Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру бағдарламасы аясында»- Этикалық кеңес, жалпы гигиена және экология, Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының ұйымдастырумен Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деңгейінде Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына арналған «Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне туседі» атты әдеби кеш өткізілді.

Әдеби кештің алғашқы сөзін Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы К.К. Давлетов ашып берді.

Келесі сөз кезегін Этикалық кеңес төрайымы Ж.Г. Мустафина жалғастырды. Әдеби кештің негізгі тұлғасы қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайрактері Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен естеліктері туралы айтып берді. Әлемді танытқан дара тұлға М. Әуезов адамзатқа ортақ мәдениет шеруіне қатысуға жолдама берген азамат екендігін айтып жеткізді. Сондай-ақ М.Әуезовтің отбасымен бірге осы уақытқа дейін араласып туратындығын айтып берді. Студенттеріміз М.Әуезовтің өмір жолы энциклопедиясы туралы Ж.Г. Мустафиннен естігенде, катысушыларда қызығушылық пайда болып, сұрақтар койды.

Жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі Д.У. Кенесары Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенттерімен өткізіліп отырған әдеби кештің мақсаты- студентерімізді ұлылардың өмірінен үлгі алуға, шығармашылық танымдарын толықтыруға кеңес берді.

Әдеби кеш Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенттерінің шығармашылықтарымен жалғастырылды.

ҚДС мектебінің Базарбайқызы Сырсұлудың орындауымен Д. Нурпейисованың «Науайы» күйімен концерттік бағдарлама ашылды. Сондай-ақ Үсенқұл Мадинаның «Мұхтар Әуезовке арнау» қара өлеңі оқылды. Орынбасар Гүлім «Қара жорға» биімен, ал Нұртай Шұға «Желсіз түнде жарық ай» әнімен әдеби кешімізді көркемдеді. Кеш сонында Сейдулла Әсем «Мұхтар Әуезов туралы 10 дерек» атты бейнефильмді кешке қатысушыларға ұсынды. Қатысушалар университет кітапханасы дайындаған М.Әуезов көрмесімен танысты.

Әдеби кеш соңында, Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің аға жетекшісі Г.А. Бегимбетова студенттерге алғыс сөзін жеткізіп, қорытындылап, студенттерді алғыс хаттармен марапаттады.