Профессор Б.А. Неменко марапатқа ие болды

Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасының меңгерушісі Б.А.Неменко Википедия сайтының қазақ нұсқасының ақпаратпен қамтамасыз етілуіне белсенді қатысты. Сайтқа коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы туралы мәліметтерді қазақ тілінде енгізген болатын. Осы сайтқа үлес қосқаны үшін профессор Б.А. Неменко марапатқа ие болды.