Студенттердің ғылыми конференциясының I кезеңі «Денсаулық сақтаудағы медико-әлеуметтік мәселелер»

2013 жылдың 26 ақпанында қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында денсаулық сақтаудағы медико-әлеуметтік мәселелер аясында студенттердің ғылыми конференциясының I кезеңі өтті. Конференцияға кафедра ППС және медико-профилактикалық факультетінің студенттері қатысты. Конференцияны кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Камалиев М.А ашық деп жариялады.

ҚДС студенттерінің 510-2 топ Әбділда Ғабит «Учаскелік мейірбикелердің медициналық-әлеуметтік сипаттамасы» (ғылыми жетекшісі — доц. Қожекенова Ж.А.),

507-2 топ Нарымбаева Назерке «Мектеп оқушыларының болашақ дәрігер мамандығын таңдаудағы кәсіби бағдардың рөлі.» (ғылыми жетекшісі – м.ғ.к. Нұрбақыт А.Н.), 509-1 топ Манабаева Эльвира «ХХІ ғасыр індеті – гиподинамия» (ғылыми жетекшісі – Жакупова М.Н.), 501-2 топ Мадалиева Мөлдір, Раева Назым «Жастар арасындағы жасанды түсіктің жалпы статистикасы» (ғылыми жетекшісі – Абдразакова С.У.), 510-1 топ Мырзабаева Жансая «Студенттердің кальянның зияндылығы туралы ақпараттандырылғандығын бағалау» (ғылыми жетекшісі – Дармен Н.Ж.), 508-2 группы Абдильдаева Жанар,Бекенова Диляра «Студент жастар арасындағы отбасылық өмірге көзқарасын зерттеу» (ғылыми жетекшісі – Жолдасбекова А.С.) докладтары тыңдалды.

Барлық жұмыстар өзіндік өзектілігімен, ақпараттылығымен ерекшеленіп және аудиторияда үлкен қызығушылыққа ие болды. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып және өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды. Конференцияны профессор Камалиев М.А қорытындылай келе, әрбір конференцияға қатысқан жұмысқа жеке тоқталып, оң бағасын берді. Конференция қорытыдысы бойынша II кезеңге мына студенттер жұмыстары ұсынылды: Әбділда Ғабит, Манабаева Эльвира, Мырзабаева Жансая.