«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

Желтоқсан айының 8-жұлдызында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының 1 «В» дәріс залында Жалпы медицина фаультетінің 19 топ студенттері және топ тъюторы т.ғ.к., аға оқытушы Дауытбекова Маржан Қанатбекқызының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 23-жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» — атты ашық тъютор сағаты өтті. Ашық тъютор сағатының мақсаты – студенттерді Желтоқсан оқиғасы және оның тәуелсіздік жолында алатын орнын, ҚР тәуелсіздігінің тарихын ғылыми тұжырымдау, ата-баба арманы мен мұратын ұрпақтар санасында ғылыми жаңғырту және инттелектуалды әлеуетін арттыруға әсер ету болатын.

Ашық сабақ ҚР Мемлекеттік әнұран орындаудан басталды. Тъютор сағатының кіріспе сөзін топ тъюторы — Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к., Дауытбекова М.Қ. – аталмыш шараның мақсат, міндеттеріне тоқталды, ашық тәрбие сабақ жұмысына арнайы шақырылған кафедра оқытушыларымен таныстырды. Мұнан әрі сабақ студенттер қолына өтті. Ашып айтсақ; жүргізуші Қуандық Аяжан мен Тілеуберді Жоламан ашық сабақтың жүргізушісі ретінде тәуелсіздіктің тарихын парақтап, ақтаңдақ беттеріне тоқталды. Ғасырлар бойы ата-баба арманы болған тәуелсіздік жолындағы Желтоқсан оқиғасының маңызына тоқталды. Осы тұста топ студенттері Желтоқсан оқиғасынан көрініс көрсетіп, Қайрат Рысқұлбековтің ерлігін паш етер тұстарын сахыналады. Тәуелсіздік жетістіктерінің шежіресі беріліп, Сұлтанбек Анажан, Мәулен Рүстем, Сейсенғазы Нарғыз сынды топтың белсенді студенттері өздерінің өзекжарды туындыларын арнады.

Ашық сабақ соңында Көпжасар Ернұр, Әлімова Динара — «Жаса Қазақстан», «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық әндер орындады.

Ашық сабақ соңында, Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасының меңгерушісі З.У.Бисембаева, кафедраның жетекші оқытушылары:- доцент Н.К. Дюсенова, оқытушы С.М.Илгидаева студенттерге үлкен алғыстарын білдіріп, тъюторлық сағаттың көпшілікке берері мол, тағылымды іс-шара болғанын атап өтті. Тәуелсіз елдің ертеңгі болашағы Сіздердің қолдарыңызда, бүгінгі – студент, болашақ дәрігерлер, тәуелсіз елімізге адал қызмет етіп, салауатты ел болайық, тәуелсіздігімізді ардақтайық, көк байрағымыз мәңгі биікте желбіресін деген ізгі тілекпен тарқасты.