«ҚазҰМУ және жемқорлық қиылыспайтын ұғымдар!» тақырыбына студенттермен жүргізілген жемқорлыққа қарсы іс-шара жөніндегі есебі

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әлеуметтік-тәрбие жұмыстарының 2016-2017 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Этикалық Кеңестің төрайымы, ректор кеңесшісі проф. Ж.Г. Мустафинаның, «ҚД, МПІ, МІ және менеджмент» факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, м.ғ.к. А.С. Уважанованың қатысуымен жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуына арналған «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы студенттерімен кездесу болып өтті.

Іс-шара қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасымен 2016 ж. 26 қазанында ұйымдастырылып, мақсаты – студент жастардың азаматтық саналарын, құқықтық сауаттылығын жоғарылатып, жемқорлыққа қарсы дүниетанымдарын қалыптастыру болды.

Проф. Ж.Г. Мустафина өз сөзін: «Жемқорлық моральдық-әлеуметтік терістеу ретінде – елдегі ұлт қауіпсіздігі мен демократияға төнген қауіп». Өскелең ұрпақты еліміздегі жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың белең алу толғандыру керек. Біз қазіргі қоғамымыздың рухани-әдептілік және моральдық-этикалық ұстанымдарының таязданып кеткенін көріп отырмыз.Жастар мұндай ауқыды өзгерістерге құлақ түріп, альтруистік және патриоттық сезімдердің құлдырауы кезінде прагматизм көрсетулері қажет» — деп бастады.

Өз мәтінінде, ректор кеңесшісі, қоғамымызда ерекше орын алып отырған жемқорлық құбылыстарына біраз мысалдар келтірді. Қоғамның әрбір мүшесін, соның ішінде, студент жастарды ЖЕМҚОРЛЫҚ – негативті көрінісіне қарсы тұруға шақыру оның айтқан сөздерінің әрбір дыбысынан есіп тұрды.

Іс-шара барысында, студенттік аудиториямен диалогарқылы, жемқорлық әрекеттері болған жағдайда қалай әрекет ететіндіктері туралы ақпараттармен алмасу жүрді. Жастар жемқорлыққа қарсы өздерінің азаматтық тұрғысын келесідей білдірді: «Жоғары кәсіби бақталастыққа жетуде жоғары мәдениет пен интеллектуалды потенциал аса қажет, ал жемқорлық, тек, кедергі».

Қазақстан Республикасында Жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру барысы» тақырыбына жалпы гигиена және экология кафедрасының аға кураторы, доцент Г.А. Бегимбетова баяндама жасады. Бұл жұмыста 2015-2025 жж. мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатын әрі қарай іске асыру мақсатында ҚР Президентімен қабылданған стратегияның негізгі кілттік бағыттары констатацияланған.

Жемқорлыққа қарсы тұру бағытындағы студенттермен пікірталасқа қоғамдық денсаулық кафедрасыныңдоценттері Айтманбетова А.А., Кожекенова Ж.А., Талкимбаева Н.А., Шахиева А.М., оқу ісі меңгерушісі Дармен Н.Ж. қатысты. Жемқорлық әрекеттердің көріністері мен салдарлары, оларды жоюдың жолдары талданып, талқыланды. Сонымен қатар «ҚР жемқорлыққа қарсы тұру» жаңа заңының ережелері талданып, ол заңдылық тәртіптерін, өз кезегінде, студент жастар жақсы қабылдады.