«Қоршаған ортаның әр түрлі факторларының әсерімен бірге денсаулық қауіп – қатерінің бағасына заманауи әдістемелік тәсіл» бағдарламасы бойынша ғылыми іс – сапар, Пермь қ. РФ

2014 жылдың 24 ақпаны мен 7 наурыз аралығында «Жалпы гигиена және экология» кафедрасының доценттері Анамбаева А.И., Амрин М.К. Досмухаметов А.Т., «Медико–профилактикалық іс» мамандығының магистранттары Баймухамедов А.А., Ерденова М.А., Кусаинова А.Т., Муратаева С.С., Кенжекова З.А. Федералдық бюджеттік ғылыми мекеменің жұмыс орнында «Федеральный научный центр медико-профилактических технологий управления рисками здоровью населения» (Ресей Федерациясы) «Тіршілік ортасының әр түрлі факторлары әсерімен бірге денсаулық қауіп–қатерінің бағасына заманауи әдістемелік тәсіл» бағдарламасы бойынша ғылыми іс–сапардан өтті.

ФБҒМ-ның алдыңғы қатарлы ғалымдары академик РАН, д.м.н., профессор Зайцева Н.В., профессор, д.б.н. Май И.В., д.м.н. Шур П.З., к.т.н. Кирьянов Д.А. және денсаулық қауіпсіздігі анализі, санитарлы- гигиеналық анализдің және мониторингтің жүйелік әдісі, жүйе мен процестің математикалық моделі, химиялық-аналитикалық зерттеу әдісі, иммунобиологиялық диагностиканың әдісі, биохимиялық және цитогенетикалық диагностика әдістері бөлімдерінің мамандары сабақ жүргізді.

Іс-сапарда бағалаудың негізгі әдістемелік сұрақтары және қоршаған орта факторының әсерінен тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау және басқару негіздері, Кедендік бірлестіктегі елдердің тұтыну тағамдарының халық денсаулығына әсері туралы сұрақтар қарастырылды. Қоршаған ортаның әр түрлі факторлары — шу, ЭМС, химиялық факторлар, әлуметтік факторларымен бірге денсаулық қауіп-қатер бағасының кәсіби компетенциясы қарастырылды. Ғылыми іс-сапардың бағдарламасында Федералды ғылыми орталықтың сәйкестендірілген арнайы бағдарламасымен танысу да қарастырылып, бекітілді.

Ғылыми іс–сапардың ұйымдастырыушылары өздерінің ризашылықтарын айтып және ынтымақтастықтың болашақта жалғасуына байланысты келісімдер болды.