Қоғамдық Денсаулық Сақтау Департаментіне қарасты «Жалпы гигиена және экология» кафедрасында «Ашық есік күні» болды

22.02.14 жылы Қоғамдық Денсаулық Сақтау Департаментіне қарасты «Жалпы гигиена және экология» кафедрасында «Ашық есік күні» болды. Ашық есік күніне «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Эпидемиология», «Коммуналды гигиена», «Еңбек гигиенасы» кафедраларының оқытушылары мен профессорлары келіп қатысты.

Кафедраның меңгерушісі кафедра құрылымы, құрамымен және оқу прцесімен, кафедрадағы зерттеу бағытында жұмыс істейтін оқытушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарымен таныстырды.

Презентациялық слайдтар көрсетіліп, кафедраның ерекшеліктері туралы айтылды. Кеш қонақтары кафедраның тіршілігімен ғана танысып қойған жоқ, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды және оқытушылар құрамының университет деңгейіндегі, жан жақтағы істерімен танысып қайтты.

Қонақтардың барлығы сұрақтарына жауаптарын алып, бір бірімен жақсы көңіл күйде араласып қайтты. «Жалпы гигиена және экология» кафедрасы барлық келген қонақтарға рахметін айтып, сәттілік тілейді.