7-наурыз күні Коммуналды гигиена жəне Балалар мен жасөспірімдер гигиена кафедрасында “ Халықаралық әйелдер күніне ”арналған кеш өткізілді.

Протокол №8, 7.03.13

7-наурыз күні Коммуналды гигиена жəне Балалар мен жасөспірімдер гигиена кафедрасында “ Халықаралық әйелдер күніне ”арналған кеш өткізілді.

Қатысқандар: профессор, кафедра меңгерушісі Неменко Б.А Доценттер: Илясова А.Д ,Текманова А.К, Бекказинова Д.Б, Балтаева А.У, Уважанова А.С, Джуланова К.Н. және көп балалы ана доцент Елгондина Г.Б. Оқытушылар: Жуматаева Г.Н,Айтамбаева Л.Н, Сыздыков Д.М I I — оқу жылының стажоры Құттыбаев А.Д. I-оқу жылының стажоры Байкенжеева К.А Студенттер: 605-топ Жалпы медицина факультетінің интерндері Битлеуова М, Рысбаева М, Темирова Ж, Султанаева Г. 4-курс 408-1 топ Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің студенттері Сейдуалиева Г, Сарсенбаев Н, Усентаева Л, Усербаев М, Устенова А, Шадибекова Н, Шəріпқалиқызы А. 4-курс 09-011-001 Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің студенттері Аманжолова У, Аныкбай У, Жумагалиева Д, Касымова С, Ларченко А, Магаматова М, Орынгали С, Самбетбаева А.

Кеште 8-наурыз“Халықаралық әйелдер күніне” арналған баяндама, концерттік бағдарлама, отырыс өткізілді.Баяндамада Қ.Р президенті Н.Назарбаевтың “ Қазақстан -2050 ”стратегиялық жолдамасында айтылған Аналарды қорғау туралы мәселе қарастырылды. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнінің даму тарихы, Клара Цеткиннің қосқан үлесі, аналарымызды қорғау ,құрметтеу және де қырмызыдай құлпырған қазақ қыздары туралы өлең шумақтар оқылды. Баяндама соңы Исраил Сапарбаевтың “Қазақ қызы”-өлеңінің үзіндісімен аяқталды.Мен қазақ қыздарына қайран қалам,Жанары жаны жаздай жайраңдаған.«Қыз өссе, елдің көркі » — деген сөзді,Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.Концерттік бағдарламада 4-курс 408-1 топ студенті Усентаева Л. Мұхтар Шахановтың “Бақыт деген не?” өлең шумағы оқылды. Өлеңнен қысқаша үзінді. Бақыт деген немене бұл,немене екен немене? Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме? “Деп қиялдап әр биіктен көтеріппіз бекер бой, Қымбаттым ау , сөйтсек , бақыт қанағатта екен ғой!” Және де отырыстық жиынның соңында көп балалы ана доцент Елгондина Г.Б сыйлық берілді.

Тәрбие жұмысына жауапты доцент ҚазҰМУ професоры Джуланова К.Н