«Адам ағзасына көмірсулардың маңызы» тақырыбында ашық сабақ

23қазан 2014 жылы Нутрициология кафедрасының оқытушысы Бакирова Мақпал Аятқұлқызы мен «Жалпы медицина» мамандығы 2 курс студенттерімен «Адам ағзасына көмірсулардың маңызы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа сарапшы ретінде онкология кафедрасының оқытушысы Аманбеков Нұрмахамбет Аманбекұлы және педиатр м.ғ.к Умешова Күміскүл Абдуллақызы қатысты. Оқытушы Бакирова М.А. сабақ барысында 5 құзіретті қалыптастыруға бағытталған әдістерді қолдана білді. Студенттер сабаққа белсене қатысты. Сабақ соңына қарай студенттер сабақ тақырыбына сәйкес сұрақ-жауап сайысы және сөзжұмбақ арқылы өз білімдерін нығайтты.