«ЕЛІ СҮЙГЕН – ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«ЕЛІ СҮЙГЕН – ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2015 ж. 27 қарашасында университет музейінде сағат 12.00 де факультет деңгейінде қоғамдық денсаулық сақтау факультетіне қарасты жалпы гигиена және экология кафедрасы, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы және денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика модулінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел МПІ факультетінің 1 курс 15-001 (1,2) топ студенттері мен 2 курс 14-001(1,2) топ студенттері мен оқытушылар Абиырова Н.Б., Айтжанова Г.М., Шайхина Л.Т. қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты студенттерді елбасына деген құрметке, патриоттық тәрбиелеуге, өз еліне деген мақтанышқа, туған еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады. Дөңгелек үстелді факультет деканы м.ғ.к. Бегадилова Толқын Сембаевна, кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Кенесариев У.И елбасының халқымыз үшін, еліміздің өркендеуі үшін қосқан үлесі туралы өзінің алғы сөзін айтып ашты. Шара барысында МПІ факультетінің 2 курс студенті Мурзабекова Ляззат, 1 курс студенттері Әзімхан Майра мен Ибадулла Жансая президентке арнап өлең шумақтарын оқыды. Сонымен қатар 1 курс студенті Қадір Жанар өзінің халық биімен көрермендерді тамсандырды. Іс-шараның қорытынды сөзін жалпы гигиена және экология кафедрасының доценті Бегимбетова Гульшат Алтаевна аяктады.