Еңбек гигиенасы кафедрасы

Фото о лидере

М.ғ.д.,профессор Тоғызбаева Қарлығаш Қабдешовна – республикамызда белгілі ғалым-гигиенист, еңбек гигиенасы мен медицинасы саласындағы біліктілігі жоғары маман; тәжірибелі педагог және әдіскер, кафедра құрылған кунінен бастап жетекщілік етіп келеді.

Қазіргі уақытта Қ.Қ.Тоғызбаева ҚазҰМУ-нің еңбек гигиенасы кафедрасының меңгерушісі, Темпус бағдарламасы бойынша “Еңбек гигиенасы және қоршаған орта саласында инновациялық білім беру және зерттеу орталығының” басшысы болып табылады. Мемлекеттік тілді, орыс тілін, ағылшын – Pre-Intermadiate жетік меңгерген. Жоғары методикалық сатыда, жаңа инновациялық технологияларды, ғылыми деректерді қолдана отырып, Еңбек гигиенасының турлі бөлімдерінен дәрістер оқылады;студенттерді оқыту ушін интерактивті әдістерді қолдана отырып практикалық сабақтар жургізіледі (шағын топшаларда жүмыс жасау, тақырыптық зерттеулер, іскерлік ойындар және т.с.с.)

Оның жетекшілігімен кафедрада тұрақты жас мамандарды дайындау жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай профессор Қ.Қ.Тоғызбаеваның және еңбек гигиенасы кафедрасының қызметкерлерінің еңбегі іске асыруға сараланғантөлем жуйесі лайықтылардың катарында болды. 2014жылы Еңбек гигиенасы кафедрасы “ҚазҰМУ-нің ең уздік кафедрасы” атағына ие болды.Профессор Қ.Қ Тоғызбаева Қоғамдық жұмыстарға белсенді ат салысады.Ол 6D110100-Медицина мамандығының диссертациялық кеңестің мүшесі болып табылады.Сонымен қатар «Вестник КазНмУ » редакциясының кеңесі *Қоғамдық денсаулық сақтау*Факультетінің ғылыми жоспарлық комиссия мүшесі болды.Профессор Тоғызбаева Қ.Қ белсенді түрде жастардың тәрбиесімен айналысады. ҰҚК кафедрасының мүшесі тең автор мен тең баяндамалардың ғылыми жұмыстары.

Көптеген жылдар бойына :Түрлі өнеркәсіптердегі шаңдардан болатын Пневмокониоздың патогенезі мен этиологиясы,Ауыр металдардың токсикологиясы,көлік жүргізушілерінң еңбек гигиенасын,медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы т.с.с бойынша көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.Оның басшылығы бойынша ҒТЖ:ҚР БҒМ қаржыландыруымен «Научное обоснование комплексного решения социально-гигиенических и медицинских проблем здоровья сельского населения Республики Казахстан»

2012 жылы Европалық кеңестің «ТЕМПУС» бағдарламасының ғылыми грантын ұтып алды.(2012-2015ж.ж.). Көптеген Республикалық,Халықаралық конференциялар,Конгрессте және Симпозиумдарда 150 жуық ғылыми баяндамалар,300 астам түрлі елдердің баспаларында мақалалары жарық көрді. (США, ФРГ, Испания, Италия, Польша и т.д.), 1 мақаласы АҚШ жоғары ИМПАКТ фактором – 3,95.жарық көрді. Ол Европа Академиясының Жаратылыстану ғылымдары мүшесі,Euramediсa hannoverInternationalerKongress&Fachmesse г. Ганновере (ФРГ) секцияның төрағасы және ұйымдастыру комитетінің мүшесі.Ғылыми жетістіктері үшін Орденом Чести (2011 г.), им. ПауляЕрлиха (2012 г.), Европейской короной (2014 г.), Луи Пастера и Альберт Швейцера (2015г.)медальдарымен марапатталды.

Ұлттық білім беру және ғылыми ашылулары үшін ерекше еңбектеріне арнайы мемлекеттік марапаттарға ие болды:Медалью посвященной «20-летию независимости Казахстана» (2011 г.), и нагрудными знаками: «Отличник здравоохранения»(2011 г.), «Почетный работник образования» (2015 г.).

Алыс – жақын шет елдермен халықаралық қатынастарды белсенді жүргізе біледі.Оның бастамасымен visitingprofessors ҚазҰМУ-ға Еңбек гигиенасы және қоршаған орта бойынша 7 ірі ғалымдар шақырылды.Алыс және Жақын шетелдердің ЖОО Ғылыми-білім беру бағытында серіктестікке бастайтын Меморандумдар жазылды.

Еңбек гигиенасы кафедрасы алғаш рет 1992 жылдың 1 маусымында Қ.Қ. Тоғызбаеваның жетекшілігімен ұымдастырылып, ол қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісіболып келеді.

Кафедра құрамында м.ғ.к., доцент Л.С. Ниязбекова, б.ғ.к., проф. А.Ж Жаханов; Аға оқытушылар: Л. Б. Сейдуанова, А.К.Сайлыбекова; м.ғ.м., Е.Т. Төлеу, м.ғ.м.,А.С. Мейирман,м.ғ.м., А.К.Буркитбаева, м.ғ.м., А.Е.Джанбатырова; Стажер-оқытушылар А. У. Калдыбай, М.Б.Сейтахметова, А. М. Айжарық,бар.

Фото 1

Кафедрада студенттер келесі пәндерді оқиды:

  1. Еңбек гигиенасы – 5-курс, медициналық-профилактикалық іс
  2. Еңбек гигиенасы – 5 курс, қоғамдық денсаулық сақтау
  3. Радиациялық гигиена – 3-курс, медициналық-профилактикалық іс
  4. Фармацевтикалық гигиена негздері – 3-курс, фармация
  5. Фармацевтикалық өндірістегі өнеркәсіптік санитария және еңбек гигиенасы – 3-курс, фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Кафедра ұжымы белсенді түрде 2 тілде (мемлекеттік және орыс) оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындап, басып шығаруда. 2015 жылы типографиялық жолмен 2 тілде 8 оқу-әдістемелік құрал шығарылды.

Кафедра ұжымы келесі ғылыми-техникалық бағдарламалардың орындаушысы болып табылады: ҚР БжҒМ грантымен «Қазақстан Республикасы ауыл тұрғындары денсаулығының әлеуметтік-гигиеналық және медициналық мәселелерінің кешенді шешімін ғылыми негіздеу»; Еуроодақ қаржыландыруымен Темпус бағдарламасы бойынша «Орталық Азиялық қоршаған орта гигиенасы бойынша білім, зерттеу және инновациялар желісі» халықаралық жобасы; «One Health Center for Environmental and Occupational Research», АҚШ.

Ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша кафедра жұмыскерлерінің 700-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрсе, оның 200-ден астамы шетел баспаларында. Республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларда, симпозиумдар мен конгрестерде 150-ден астам баяндамалар жасалды. Импакт-факторы жоғары шетел баспасында жарық көрген мақала бар.

Кафедра ұжымы алыс шетелдегі серіктес университеттермен белсенді түрде халықаралық ғылыми-біліми серіктестік орнатуда:Милан (Милан қ, Италия); Камбрия (Ланкастер қ., Ұлыбритания); Гетеборг, (Гетеборг қ., Швеция); Тарту (Тарту қ., Эстония); Флорида (Флорида қ., АҚШ); Бабес-Боляй (Клуж-Напока қ., Румыния); Небраска (Омаха қ., АҚШ); Manchester Metropolitan University (Манчестер қ., Ұлыбритания); Еуропа жаратылыс тану ғылымдары академиясы (Ганновер қ., Германия), жақын шетел: Вилнюс Мемлекеттік университеті (Вильнюс қ., Литва); Қырғызстан Халықаралық университеті (Бішкек қ.); М.Гераци атындағы Ереван мемлекеттік медицина университет (Ереван қ., Армения); Әбу Әли ибн Сина атындағы Тәжік ұлттық медицина университеті (Душанбе қ., Тәжікстан)

«Visiting professors» аясында ҚазҰМУ-ға ірі ғалымдар мен мамандар шақырылды:

  1. Джусупов К.О., м.ғ.к., қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының доценті (Қырғызстан халықаралық университетінің Медицина жоғары мектебі, Бішкек қ.)
  2. Чандран Ачутан, м.ғ.д., еңбек гигиенасы және қоршаған орта кафедрасының профессоры (Небраска Университеті, Омаха, АҚШ)
  3. Тадевосян А., м.ғ.д., қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессоры (Ереван мемлекеттік медицина университет, Ереван қ.)
  4. Клаудио Колозио, д.м.н., профессор, зам. директора Международного центра изучения пестицидов и предупреждению рисков (Университет Милана, Милан, Италия)
  5. Федерико Мариа Рубино, м.ғ.д., профессор, Метабономика и аналитикалық токсикология бойынша зертхананың аға ғылыми қызметкері (Милан Университеті, Милан, Италия)
  6. Винсент О, Брайн – «Университет Камбрия», Великобритания.