Санжар Асфендияровтың 125 жылдығына орай «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі» Алматы қалалық студенттік жастар конференциясы 2 қараша 2014 жылы «Даңқ Залында» өтті.

Санжар Асфендияровтың 125 жылдығына орай «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі» Алматы қалалық студенттік жастар конференциясы 2 қараша 2014 жылы «Даңқ Залында» өтті.

Конференцияны ҚазҰМУ нутрициология кафедрасы, Ұлттық салауатты тағамтану орталығы, KazNMU Arlans дебат клубы, ҚазҰМУ студенттік Үкіметі ұйымдастырды.

Қатысқандар: Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының 100-ге жуық студенттері, Алматы қаласының 35 мектеп оқушылары, биолог мұғалімдер.

Конференция мақсаты: «Саламатты Қазақстан 2011-2015жж» мемлекеттік бағдарламасының халықтың түрлі жас топтарының арасында салауатты тамақтану жөніндегі ақпараттану деңгейін жоғарылату, денсаулықты нығайтуда салауатты тамақтанудың маңыздылығын айқындау.

Конференцияда нутрицология кафедрасы ПОҚ –ң баяндамалары, 2-ші пленарлық секцияда KazNMU Arlans дебат клубының іріктеу дебаттық сайысы, 2 курс Жалпы медицина мамандығының студенттері арасында кафедра оқытушылары ұйымдастыруымен «Дұрыс тағам ішерсің, қуат алып жүрерсің!» сайыс шебер класы және мектеп оқушылары арасында өткен шебер кластар өткізілді.

Шебер класс салауатты тамақтануды насихаттаудағы 2 курс ЖМ мамандығы студенттерінің коммуникативті, тәжірибелікт.б. құзыреттілігін қалыптастыратын сайыс түрінде «Таңғы ас», «Тіскебасар», «Витаминдік сусындар», «Жеміс десерттері», «Пайдалы салаттар» командасы арасында өткізілді. Студенттердің пайдалы тағамдар әзірлеудегі тапқырлығы, ізденімпаздығы және насихаттаудағы шығармашылықтары айрықшалығымен байқалған командалар :

Мектеп оқушылары арасында «Жалын», «Денсаулық сақшысы», «Бәйтерек» командалары да шебер класс барысында өздерінің дайындықпен келгенін көрсетті. Сайыс барысында мектеп жасындағы балалар мен жастардың арасында салауатты тамақтанудың денсаулық сақтаудағы маңыздылығын ұққандары байқалды. Конференция барысында Санжар Асфендияровтың 125 жылдығына орай болғандықтан, Университет мұражайына және Университетіміздің тарихи-тәлім-тәрбие беретін «Ұстазға тағзым», «Өмір аллеясы» т.б. көрнекті орындарына қонақтарды, оқушылардың, басқа ЖОО студенттерінің экскурсиясы ұйымдастырылды. ҚазҰМУ-нің «ашық есік күні» ретінде университет қабырғасында қалыптасқан дәстүрді, болашақ мамандар үшін жүргізіліп отырған стратегиялық саясаттарды сезінуі үшін, студенттер арасындағы өзара қарым-қатынастар, өзін-өзі басқару жүйелерінің жүргізілуін, білікті мамандар дайындаудағы игерілетін құзыреттерді көрсетуде мектеп оқушыларының арасында кәсіптік бағдарға байланысты қойылған сұрақтарына жауап беріліп, медицина мамандығының әлемдегі ең жауапты, абыройлы маман екендігі туралы әңгімелер жүргізілді.

Дебаттық турнир жеңімпазы Сүлеймен Демирел Университетінің студенттері І орын иемденіп кубокпен, студенттер мен оқушылар алғыс хаттармен марапатталды. Шараға қатысқандардың барлығы өте қызықты, тартымды әрі пайдалы өткізген демалыстары туралы ерекше ықыластарын білдірді

5lOXXyUy2p4 8dmxjqopV_4 20141102_134853 bZTD4k59fdg IMG_8684 IMG_8752 IMG_8970 IMG_9038 IMG_9062 KbyTRj7myRI ojOELhuf-xU r0jm-0vPSu8