Студенттік ғылым – 2013

23 сәуірде С.Д.Асфендияров атындағы КазҰМУ студенттері мен жас ғалымдар арасында ғылыми-зертеу жұмысының конкурсының III туры өткізілді. «Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтаудағы менеджмент» секциясында қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының атынан медициналық-профилактикалық факультеттің 5 курс 3 студенті (мемлекеттік тілде 1 ауызша баяндама және 2 стендтік жұмыстар) қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша ауызша баяндамалар арасында 5 курс студенті Әбділда Ғабит «Учаскелік мейірбикенің медициналық-әлеуметтік сипаттамасы» атты баяндамасымен 1 орынға ие болды (ғылыми жетекші қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының доценті Кожекенова Ж.А).

Стендтік баяндамалардың арасында 1 орынды «Студентердің кальянның зияндылығы туралы ақпараттандырылғандығын бағалау» атты стендімен 5 курс студенті Мырзабаева Жансая жеңіп алды (ғылыми жетекші қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы Дәрмен Н.Ж.).

2013 ж. 3 мамыр күні жас ғалымдардың «Студенттік ғылым-2013» конференциясында студенттер мен ғылыми жетекшілеріне диплом және марапаттау қағаздары берілді.