Қазақстан Республикасы президентінің халыққа жолдауын және ҚР атазаңына өзгерістер енгізу бағдарламасының жобасын талдау

ҚР Президентінің Н.Назарбаевтың 2017 ж. 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекегеқа білеттілік» халыққа Жолдауы кураторлық топтар мен кафедра оқытушыларынан құралған аудиторияға ұсынылды.Қоғамдық денсаудлық сақтау кафедрасында 7.02.2017 ж. өткізілген бұл іс-шараның мақсаты – қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық сферасындағы негізгі басымдықтармен таныстыру болды. Әрі бұл міндеттер ҚДС12-004-2 топ студенті М.М.Аманбаеваның презентациясында орын алды.

«Құрметті қазақстандықтар! Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды.2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды.Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД жәнеОрталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз.Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр. Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда.Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделгеиеболғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді» – деп бастаған өз мәтінін жыл кезекті жолдауында ҚР Президенті.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.

Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл маңызды кешенді міндет – «Цифрлық Қазақстан» деп аталмақ.

Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету. Бұл – өтеөршілмақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады.

Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық.Мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту.

Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.

Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.

Сонымен қатар, айта кететін мәселе, қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады.Осы шараның бәрі 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламада ескерілуге тиіс.

Осы кафедрада жүргізілген іс-шараның барысында ҚР атазаңына өзгерістер енгізу бағдарламасының жобасы тыңдалып талқыланды.«Қазақсатн Республикасы атазаңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» ҚР заң жобасын талқылауға кураторларының жетекшілігімен барлық кураторлық топ мүшелірі қатысты.

Жасалған түзетулердің ішіндегі алғашқы көзге түсітіндері 26-баптың жеке-меншік жөнінде айтылатын алғашқы екі бөліміне байланысты. Атазаңның қазіргі нұсқасында жеке-меншікке ҚР азаматы ғана ие болуы мүмкін деген бөлім болса, жаңа нұсқада кез-келген азамат деп келтірілген. Яғни, азаматтықтың болуы міндетті деп көрсетілмеген.

«44-баптан мемлекеттік бағдарламаларды бекітуге қатысты 8 және 9-бөлімдері алып тасталынған. Бұрын мұндай жауапкершілік Президентке жүктелген болса, жаңа версиясында Президент бұл міндеттерді үкіметке жүктеген. Сол арқылы үкіметке мемлекеттік бағдарламаларды бекіту маңызды функциясы міндеттеледі.

Сонымен қатар Атазаңға өзгерістер енгізу бағдарламасының жобасында Президент жауапкершілігі министрлерді тағайындау аймағында қысқарған. Жаңа нұсқада Президент тек Шет мемлекеттер ісі және қорғаныс министрін тағайындай алады.

70-бапта да маңызды өзгерістер бар. Мұндағы нақты үкімет құзыреттіліктерінЗдесь конкретно речь идет о процедуре сложения полномочий правительства.

Еліміздің саясаткерлерінің сараптамалық бағаларына сүйенсе: «Бұл маңызды алға ілгерілеу. Парламент құзыреті кардинальды жоғарылаған.Үкімет Президенттің емес үкіметпен тағайындалып тарқатылады. Парламенттік көпшілік үкіметті құрайды. Өкілеттіліктің бұлай қайта таралуы өте маңызды. Біз президенттік-парламенттік басқару үлгісіне өтудеміз; басқаруда ашықтық пен транспаренттік артады».