«Қазіргі кезеңдегі тұрғындар денсаулығының әлеуметтік-гигиеналық және медициналық мәселелерін зерттеудегі өзекті сұрақтар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

«Қазіргі кезеңдегі тұрғындар денсаулығының әлеуметтік-гигиеналық және медициналық мәселелерін зерттеудегі өзекті сұрақтар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2014 жылдың 3-5 қарашасында “Қазақстан Республикасы ауыл тұрғындарының әлеуметтік-гигиеналық және медициналық мәселелерін кешенді шешуді ғылыми негіздеу” ҒТЖ жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша «Қазіргі кезеңдегі тұрғындар денсаулығының әлеуметтік-гигиеналық және медициналық мәселелерін зерттеудегі өзекті сұрақтар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция «Университет Күндері – 2014» аясында өткізіліп, С.Ж.Асфендияровтың 125-жылдығына арналды.

Конференцияға еліміздің ғалымдары, профессорлары, денсаулық сақтау саласы мамандары, сондай-ақ Chandran Achutan (Ph.D., Небраска Университеті Медицина орталығының Қоғамдық денсаулық сақтау колледжі қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы және еңбек гигиенасы департаментінің директоры, АҚШ) және Federico Maria Rubino (Ph.D., Милан Университеті аналитикалық токсикология және метабонимика зертханасының жетекшісі) сияқты шет елдік серіктестер де қатысты.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Өндіріс ортасы мен еңбек үрдісі факторларын гигиеналық шектеу мен бақылау мәселелері.
  2. Ауыл тұрғындары үшін кәсіби және экологиялық қатер өзекті медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде.
  3. Тұрғындардың, солардың қатарында балалар мен жас өспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтудың медициналық-әлеуметтік, гигиеналық аспектілері.
  4. Экологиялық медицина: негізгі бағыттар, балалар экологиясы және денсаулығы.

Конференция материалдары “ҚазҰМУ жаршысы” ғылыми-практикалық журналының арнайы нөмірінде жарық көрді.