ҚР ҰЭМ ТҚҚК тұтынушылардың құқықтарын қорғау департамент өкілдерімен кездесу

ҚазҰМУ ректоратының Даңқ Залында 2017 жылы 16 наурызда ҚР ҰЭМ ТҚҚК тұтынушылардың құқықтарын қорғаудепартамент өкілдерімен «Медициналық-профилактикалық іс” және “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының студенттері және түлектеріне кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

Кездесуге тұтынушылардың құқықтарын қорғау департамент басшылары:Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департамент”Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг комитетініңҒылыми-практикалық орталығының” директоры – Дурумбетов Е.Е.; Алматы қ. тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің жетекшісі – Баймұханбетов, Қ, Қ.; Алматы қ. ” Дезинфекция Ораталағының” директор орынбасары – ӨтегеновБ.; “Ұлттық сараптама орталығы”Филиалының директорорынбасары–Сандыкбаев М. Ж.; тәрбие жұмысы, әлеуметтік мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегіпроректор– Джумашева Р. Т., ҚДС, МПІ, МІ, және менеджментфакультет деканы– Давлетов Қ. Қ.”, сонымен қатартүлектерді шығарушы кафедралар меңгерушілері.

Алғы сөз декан орынбасары Уважанова Айгүл Стальевнатұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің құрылымының өзгеруіне байлансты осы кездесудің қажеттілігін және кәсіби бағдар беру жоспар бойынша да қажет екенін айтып өтті.

Кездесуде медициналық-профилактикалық бағытындағымамандарды дайындаудың өзекті мәселелері, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің кадрлық құрамынқалыптастыру жәнетәжірибелік дәрігерлерді дайындауда тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменттері мен медициналық ЖООөзара тығыз байланыста жұмыс атқаруы қажетігі айқындалды.

Іс-шараны ұйымдаструшылар: АИТВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау курсы бар эпидемиология кафедрасы және Гигиена және еңбек медицинасы,коммуналдық гигиена және БЖиГ курсымен (жауапты: Ж. Б. Бейсенбинова, Л. ЖТемирбаева., Л. Н.Айтамбаев).

Іс-шараға 4,5 курс “Медициналық-профилактикалық іс” және “Қоғамдық денсаулық сақтау” студенттері белсене атсалысты.