«ҰЛТТЫҚ МУЗЫКА – ӨШПЕС ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ»

«ҰЛТТЫҚ МУЗЫКА – ӨШПЕС ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ»

Қараша айының 27 жұлдызында С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының 1 «В» дәріс залында Жалпы медицина фаультетінің 19 топ студенттері және топ тъюторы т.ғ.к., аға оқытушы Дауытбекова Маржан Қанатбекқызының ұйымдастыруымен ҚР Президенті күні, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 23-жылдық мерейтойына арналған «ҰЛТТЫҚ МУЗЫКА – ӨШПЕС ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ» – атты ашық тъютор сағаты өтті. Ашық тъютор сағатының мақсаты – студенттерді ұлттық музыканың тарихи маңызы мен оның тәуелсіздік жолында алатын орнын, ата-баба арманы мен мұратын ұрпақтар санасында ғылыми жаңғырту және инттелектуалды әлеуетін арттыруға әсер ету болатын.

Айтулы күнге Т. Жүргенов атындағы Қазақ Өнер Академиясының, дәстүрлі әндер кафедрасының аға оқытушысы, ҚР мәдениет қайраткері Нұржан Жанпейіс, «Электронды қазақ үй» жобасының жауапты редакторы, журналист – Сәленұлы Жарқын сынды қазақ өнерінің жанашырлары қонақ ретінде шақырылды.

Ашық сабақ ҚР Мемлекеттік әнұран орындаудан басталды. Тъютор сағатының кіріспе сөзін топ тъюторы – Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к., Дауытбекова М.Қ. – аталмыш шараның мақсат, міндеттеріне тоқталып, келген қонақтарды таныстырды, тъютор сағатын одан әрі сабақтаған Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі – доцент Бисембаева З.У. – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, атаулы датаның тарихи кезеңдердегі дамуына, бүгінгі қол жеткізген игі шараларға кеңінен тоқталып, қатысушаларға сәттілік тіледі.

Ортаға кезек – кезегімен Жалпы медицина факультетінің 19-топтың белсенді студенттері:Қуандық Аяжан, Сейсенғазы Нұрғазы, Мәулен Рүстем ұлттық музыка мен оның ұлттық құндылықтарына арналған баяндамаларын көпшілік назарына ұсынды.
Бағдарламаға орай сөз алған «Электронды қазақ үй» жобасының жауапты редакторы, журналист – Сәленұлы Жарқын қазақ даласындағы ұлттық музыка өнерінің зерттелуі мен оның ұрпақтар жалғастығын тілге тиек етіп, бүгінгі дәріптелуіне – электронды қазақ үй жобасының тарихынан сыр шертті. Кездесудің өзегі болған, барлық студенттердің асыға күткен сәті, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Өнер Академиясының, дәстүрлі әндер кафедрасының аға оқытушысы, ҚР мәдениет қайраткері Нұржан Жанпейіс мырзаға сөз берілгенде студенттердің ықыласында шек болмады. Ыстық ықыласқа бөленген дәстүрлі әнші, қазақ музыка өнерін жоғары деңгейде дәріптеуші-ұстаз ағаның әңгімесі студенттер қауымын ұйыта білді. Кезек әнге берілді: қазақтың халық әні «27 қыз», «Аңшының әні» сияқты рухы жоғары бірнеше ән орындалды.

Кездесу соңында студенттер қонақтарға өз сұрақтарын қойып, алғыстарын білдірді. Қолтаңба алынды.

Кафедраның жетекші ұстаздары – доцент Ғайнижамал Төлеуқызы Рсалдина, Күләш Әбікенқызы Төлентаева, Роза Исақызы Бейсембаевалар өз пікірлерін білдіріп, қорытындылап, аталған тъюторлық сағаттың көпшілікке берері мол, тағылымды іс-шара болғанын атап өтіп, студенттерге, қонақтарға алғыстарын білдірді.