ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

«Әлеуметтік саланы басқару және оның экономикасының негізгі мәселелері» атты студенттік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы желтоқсанның 5 күні болып өтті. Конференция Ресейдің мемлекеттік кәсіби педогогикалық университетінің «Кәсіби-экономикалық оқыту» кафедрасы және С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің «Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасы мен «Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модулінің ұйымдастыруымен өтті. Конференция онлайн форматта өтті. Ресейдің мемлекеттік кәсіби педогогикалық университетінің студенттері де өз баяндамаларын қорғады. Келесі студенттердің баяндамалары ерекше болды: Д. Юсупов, Т. Кумарбеков «Современные экономические проблемы в здравоохранении РК», А. Шакаралиев «Развитие частного предпринимательства в здравоохранении РК», З. Маделханкызы «Меркантилизм в современных социально – экономических отношениях», Р.Курмашев «Инновационное развитие системы здравоохранения РК», Б.Мұстафа «Қазақ кәсіпкерлігінің бүгіні немесе қазақ бизнесіне не кедергі», А. Медешова «Денсаулық сақтаудағы менеджменттің рөлі мен мәні», М. Юнг «Инновационные процессы в организации системы здравоохранения», С. Ораз «What is the success of Japonese economy», Г. С. Қойшыбаева «Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытудың экономикалық мәселелері» атты тақырыпта қорғаған ҚазҰМУ-дың студенттері, А.Медведева «Государственно-частное партнерство в профессиональном образовании» атты тақырыпта қорғаған Ресейдің мемлекеттік кәсіби педогогикалық университетінің студенті, С. Ермекова, Н. Баялиева «Зейнетақы қоры жүйесінің негізгі мәселелері», Ж.Аубакирова, А.Болат «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудағы салықтық жеңілдіктер» атты тақырыпта қорғаған Халықаралық Бизнес Университетінің студенттері, М. Бектұрсын «Инфляция және оның көрсеткіштері», А.Тойлыбай «ҚР әлеуметтік жағдайының бүгіні мен болашағы» атты тақырыпта қорғаған Т.Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университетінің студенттерінің баяндамаларын атап өтуге болады.

Конференция соңында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар дегендей үздік үш баяндама анықталды: 1 орынды Ресейдің мемлекеттік кәсіби педогогикалық университетінің студенті А.Медведева жеңіп алды. 2-ші орынды ҚазҰМУ-дің «Медбикелік іс» мамандығының студенті Г. С. Қойшыбаева жеңіп алса, 3-ші орынды ҚазҰМУ-дің «Жалпы медицина» мамандығының студенті К. Альмуханова жеңіп алды. Конференцияның басқа баяндамашыларына қатысқандығын растайтын сертификат берілді. Конференцияға сырттай әрі күндізгі болып 100-ге жуық студенттер өатысты. Сонымен қатар студенттердің мақалаларын жинап, электоронды түрде конференция материалдарының жинағы жарық көретін болады. Әділ қазылар алқасы кімге қандай орын беру туралы ақылдасып жатқан кезде, қазақтың қара домбырасымен күй тартылды, ән айтылды. Соңында визитинг профессор Е.И.Чучкаловаға сөз берілді. Ол кісі өз кезегінде осындай конференцияны өткізуге мүмкіндік берген ҚазҰМУ-ге шексіз алғысын білдірді.