22 маусым 2016 жылғы «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің ҚазҰМУ «Академиялық топтарының үздік кураторы, тьюторы» атағына байқау нәтижесінің қорытындысы.

ҚазҰМУ «Академиялық топтарының үздік кураторы, тьюторы» атағына байқау жүргізу тәртібіне орай, факультет бойынша жұмысшы тобы мүшелері нутрициология кафедрасының аға оқытушысы Қожахметова А.Н., Еңбек гигиенасы каф. аға оқыт.Сейдуанова Л.Б., «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің аға кураторы Даулетбақова А.М. , декан орынбасары Мукашева М.С. болды. Факультет деңгейінде 21 куратор, 5 тьютор жұмыс атқаратыны, байқауға қатысуға 16 куратор, 5 тьютор тілек білдіріп құжаттарын өткізген. Жұмысшы комиссия мүшелері – ҚазҰМУ «Академиялық топтарының үздік кураторы, тьюторы» атағына байқау жүргізу тәртібінің негізіндегі, куратор мен тьютор жұмысын бағалау парағындағы бағалау критерийлеріндегі баллдық жүйемен сараптама жүргізіп,

100 балға дейінгі балл жинаған – 8 куратор

100 балдан жоғары жинаған – 8 куратор болды.

Ал тьюторлар барлығы деканаттың ранжирлеу нәтижесі бойынша және осы байқауда қаралған құжаттамалары негізінде 100-ге дейінгі шектік балдарына ие болды.

Жалпы университеттік 2 турға номинация бойынша ұсынылған кураторлар:

1) Қожахметова А.Н. – Максималды балл жинаған «үздік куратор» (278балл)

2) Сейдуанова Л.Б. – «Студенттерді ғылыми жұмысқа қамтығаны үшін» (172 балл)

3) Чуенбекова А.Б. – «Студенттерді салауатты өмір салты мен шығармашылыққа

баулығаны үшін» (149 балл)

4) Хасенова Г.Х. -«Студенттерді салауатты өмір салты мен шығармашылыққа

баулығаны үшін» (138 балл)

5) Елғондина Г.Б. – «Университеттің кураторлық жұмыс бойынша жаңашылдығы

үшін» (120 балл)

6) Толеу Е. –«Студенттер арасында еріктілер жұмысын дамытқаны үшін» 113 балл

7) Арынова Г.А. – «Университеттің кураторлық жұмыс бойынша жаңашылдығы

үшін» 101 балл

8) Қарагизова А.Б.- «Студенттерді салауатты өмір салты мен шығармашылыққа

баулығаны үшін» (100 балл)