“БІЗ – ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ” атты студенттік іс шара

2013 жылдың 27 қыркүйегінде қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында «Біз – жемқорлыққа қарсымыз!» атты студенттік іс-шара болып өтті. Маңызды іс-шараны өткізу кафедраның тәрбие ісі жөніндегі жауапты Абиырова Н.Б. және оқытушылар құрамымен ұсынылып, студенттер тарапынан қолдау тапты. Ол жемқорлықтың маңызды сұрақтарына, мемлекттік жемқорлыққа қарсы саясаттың басты бағыттарына және елде, соның ішінде оқу орындарындағы жемқорлықпен кіресті жетілдіру жолдарына арналды. Дөңгелек стөл 3 курс жалпы медицина және медициналық-профилактикалық іс факультет студенттерінің қатысуымен өтті.

Жалпы медицина факультетінің 328 (ІІ) топ студенті Рысқұлбек Мархабат және 328 (І) топ студенті Альжанов Абдулла «Сыбайлас жемқорлық түрлері», орыс және ағылшын тілдерінде 344 (І) топ студенттері Абдул Худи, Фарзад Хакими «Коррупция в Казахстане и методы, борьбы с ней» Қазақстан Республикасындағы жемқорлық жағдайы мен оған қарсы күрес нәтижелері туралы баяндады.

303-1 МПІ тобының студенттері орыс және ағылшын тілдерінде Азизханов Парвиз және Бердикулова Жанара «Черным по белому о коррупций» тақырыбындағы баяндамасында «жемқорлық, пара» түсініктері туралы, осы бағытта жетістіктерге қол жеткізген елдердің тәжірибелері келтірілді.

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі, профессор М.А. Камалиев жемқорлықтың мемлекет негіздерін, құқықтық тәртіпті және моральдық-этикалық нормаларды бұзатын келеңсіз әлеуметтік құбылыс екендігін атап өтті.

Студенттер университетте жасалған мүмкіндіктерді қолдана отырып, жемқорлыққа белсенді түрде қарсы тұруға атсалысуға шақырылды.