«Денсаулық сақтаудың жүйелік модернизация жағдайында қоғамдық денсаулықтың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2014 жылдың 18 сәуірінде С.Ж.Асфендияровтың 125 жылдығына арналған «Денсаулық сақтаудың жүйелік модернизация жағдайында қоғамдық денсаулықтың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияны оқу-тәрбие жұмысы бойынша проректор, профессор К.А.Тулебаев ашты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтаудың ең негізгі оқиғалары және оның даму тенденциясы жайлы айтып алғы сөзбен аудиторияға ҚР ҒҰА және РМҒА академик Шарманов Т.Ш. баяндады.

С.Ж.Асфендияровтың өмірі ерлік болып бағаланған, мемлекеттік және қоғамдық жұмысымен белгілі, дарынды ғалым С.Ж.Асфендияров жайлы кілттік баяндамамен қоғамдық денсаулық оқу департаментінің директоры Камалиев.М.А. баяндады.

Конференцияға қатысушылардың қызығушылығын халық тамақтануының өзекті мәселелері жайлы академик Шарманов.Т.Ш. түсінік берген АҚШ-тың ғалымы Фарица Ван Дер Хаардың баяндамасы тудырды.

Визитинг-профессор Мейманалиев.Т.С. дүниежүзіндегі БМСК жағдайын талдау және баға беру бойынша көлемді шолу жасады.

Жалпы дәрігерлік практиканың дамуына қазіргі таңда толық көңіл бөлінбейді деген пікрмен Х.А.Ясави атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры Тузельбаев.Н.К БМСК-тің отандық өзекті мәселелеріне тоқталды.

Конференция барысында өзіміздің университет қызметкерлерінің қызықты баяндамалары тыңдалды (Сарсембаева С.С., Иванченко Н.Н., Еспаева Р.Н., Чой С.В.), Қарағанды мемлекеттік университетінен (Газалиева М.А.) және т.б.

Барлық баяндама оқығандарға конференция сертификаты берілді, қарар қабылданды.

Конференция «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының докторанттары қатысқан үздік баяндама байқауымен аяқталды. Беделді қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды докторант Д.Кенесары, екінші орынды А.Раушанова, үшінші орынды А.Ауезова иеленді.

Конференцияны ұйымдастыруға көп күш жұмсаған және ықылас танытқан қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтауды басқару және саясат кафедрасының қызметкерлері.