Жазғы мектеп

Қазақстан Республикасының 2011-2015 ж.ж. денсаулық сақтау жүйесін дамытуға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және жоғарғы оқу орындарымен серіктестік қатынастарды нығайту мақсатында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті медицина және Қазақстан Республикасы басқа да жоғарғы оқу орындарының магистрант және докторанттарына арналған «Қоғамдық денсаулық сақтаудың таңдаулы сұрақтары: денсаулық сақтаудағы ғылыми зерттеулер мен коммуникация, медико-санитарлық сауаттылық және денсаулықты қорғау» атты Бесінші Жылсайынғы Жазғы Халықаралық мектебін 2014 жылдың 9-14 маусым аралығында өткізеді.

Мектеп жұмысында визитинг-профессор, доктор Peter WS Chang, MD, MPH, ScD (Harvard), FRCP (London) қатысады.

Өткізілу орны: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті (Алматы қаласы, Төле би көшесі,94) Қ.Досмұхамедов атындағы денсаулық сақтау Мектебі (Ректорат ғимараты, 1 қабаттың сол қанаты, №118 аудитория). Басталуы 9.00-де.