“Жемқорлыққа жол жоқ!” тәлемгерлік сағаты өткізілді

Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасының тәлімгерлерімен 2018 жылдың 14-наурыз күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы” аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің 2 курс студенттері қатысуымен “Жемқорлыққа жол жоқ!”тәлемгерлік сағаты өткізілді. Тәлімгерлік сағатта қарастырылған мәселелер: 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, Ұлт жоспары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ортақ саясаттың маңыздылығы.