Халықаралық ынтымақтастық

Кафедраның білімі мен ғылымының жоғарғы деңгейге жетуіне визитинг-профессорлардың бағдарламада қатысуы ықпалын тигізуде. Кафедрада бірнеше рет кездесулер өткізілген болатын:

  • Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессоры, академигі Юрий Комаровпен
  • Литва университетінің Халықаралық ынтымактастық және профилактикалық медицина орталығының деканы, кафедра меңгерушісі Ж. Падайгамен
  • Денсаулық сақтаудағы информатизация саласының атақты мамандарымен ЗАО «Hisas» директоры Я. Саулюс және ЗАО «Sanema» директоры Х. Баубинаспен (Литва)
  • Қоғамдық денсаулық сақтау маманы А.Супадимен (Германия),
  • Солтүстік-Иллиноис университетіндегі қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының мұғалімі Н. Алмагамбетовамен (США),
  • Денсаулық ғылымының Литва университетіндегі мейірбике ісі факультетінің деканы, профессор Ю. Мацияускенемен (Литва).

2012- 2013 оқу жылында қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының қызметкерлері Айтманбетова А.А., Кожекенова Ж.А., Нурбакыт А. Халықаралық бағдарламалардың Орталығын стипендиаттары болып, Каунас қаласындағы денсаулық ғылымының Литва университетінде айлық ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтті.

2015 -2017 жылдары аралығындаErasmus + «Modernizing Health Education in Universities / ModeHEd» жобасы іске асуда. Жобамен Европа Одағының алға қойылған тәжірибесін қолдана отырып, қоғамдық денсаулық сақтаумен байланысты, 7 пәні бойынша қолданыстағы оқу бағдарламаларын модернизациялау қарастырылған. Бұл бағдарламаны іске асу үшін Германия, Чехия, Словакия, Өзбекістан и Казақстан елдеріндегі университеттердің консоциумы құрылған.

2018- 2019 оқу жылында (21-26.10.2018ж.) Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасында Ұлттық медициналық университеттің, аль-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің, Үздіксіз білім беру Қазақ медициналық университетінің, Қазақ-Ресей медициналық университетінің, “ҚДЖМ” Қазақ медициналық университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистранттар мен докторанттарға арналған Халыққа біріншілік медико-санитарлық көмек бойынша Алматылық декларация және Халықаралық конференцияның 40-жылдығына арналған «Денсаулық сақтаудағы өзгерістерді басқару» Халықаралық мектеп ұйымдастырылып өткізілді.

Халықаралық мектептің кілттік спикері – Литва денсаулық ғылымдары университетінің профессоры Жильвинас Падайга.

Халықаралық мектеп шегінде келесі сұрақтар қарастырылады: денсаулық сақтау жүйесіндегі реальды жағдайлар және қажет өзгерістер; профилактикалық бағдарламаларды жоспарлау; денсаулық сақтау экономикасы; профилактикалық бағдарламалардың бюджеті және т.б.