Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедрадағы зерттеу жұмысы бакалаврларды, магистрлерді, докторанттарды практикалық дайындау элементтерінің бірі болып табылады.

Студенттік ғылыми үйірме жұмысының ғылыми бағыты – «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау».

Бүгінгі таңда әрбір студент өзінің ғылыми қызығушылығына байланысты қызықты ғылыми зерттеу тақырыбын өз еркімен және өз бетінше таңдайды және ғылыми жетекші ұсынған тақырыпты басшылыққа алады.

Кафедрадағы үйірме жұмысының қағидалары – оқытушылардың үйірме мүшелерінің әрқайсысымен жеке жұмысы. Үйірме студенті ғылыми-зерттеу жұмысын орындау кезінде СҒЗЖ жетекші оқытушысынан айтарлықтай көмек алуға, оның ішінде ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемелерін меңгеруге, жаңа тұжырымдамалармен танысуға, ғылыми жұмыс нәтижелерін отырыстар мен конференцияларда баяндауға, жұмысты жетекші медициналық және биологиялық журналдарда жариялауға мүмкіндігі бар.

Өткен жылдар ішінде кафедраның студенттік үйірмесі есте қаларлық оқиғалармен, үйірмелердің ғылыми – зерттеу және практикалық жұмысындағы жарқын жетістіктермен, олардың республикалық, халықаралық және ЖОО ішіндегі конкурстар мен конференциялардағы жеңістерімен тарихқа енді.


Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы

2024 жылдың 19 наурызында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) жыл сайынғы конкурсының қорытындысы шығарылды.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» секциясының конкурстық комиссиясы кафедра жеңімпаздарын анықтады:

I – орын:

Тақырып: «Адам факторы және атом электр станциялары: өзара әсер және байланысы жаһандық мәселе ретінде»

Баяндамашы: Тұрсайев Ақжан, Сүйімбай Бекжан (ҚДС 21-006)

Ғылыми жетекші:

  • м.ғ.к., доцент Текманова Айнур Кумарбековна
  • магистр, лектор Кусайынова Эльмира Избасаровна

II– орын:

  1. Тақырып: «Изучение качества жизни студентов НАО «Казахский национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова»

Баяндамашы: Катаева Айя (ҚДС 20-003)

Ғылыми жетекші:

  • м.ғ.к., доцент Шахиева Адиля Маратовна
  • м.ғ.к., доцент Айтманбетова Акмарал Аршабаевна
  1. Тақырып: «Знание студентов о репродуктивном здоровье»

Баяндамашы: Амир Айерке (ҚДС 22-002)

Ғылыми жетекші:

  • PhD., доцент Жакупова Майя Нурдаулетовна

Номинациялар:

  1. «Үздік доклад»

Тақырып: «Алматы қаласы студенттерінің психикалық денсаулығы»

Баяндамашы: Шаудырбаев Ислам, Оразбаева Шолпан (ҚДС 21-003)

Ғылыми жетекші:

  • м.ғ.к., доцент Айтманбетова Акмарал Аршабаевна
  • м.ғ.к., доцент Аликеева Галия Маратовна
  1. «Шексіз шығармашылық»

Тақырып: «Развитие медицинского туризма в Республике Казахстан»

Баяндамашы: Қүрышжан Дана (М 23-048)

Ғылыми жетекші:

  • м.ғ.к., кафедра меңгерушісі Кожекенова Жанат Асетовна
  1. «Үздік инновациялық идея үшін»

Тақырып: «Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүйесіндегі жедел әрекет ету тобының рөлі

Баяндамашы: Қонысбай Жамбыл (ҚДС 20 – 002)

Ғылыми жетекші:

  • м.ғ.к., доцент Айтманбетова Акмарал Аршабаевна

Студенттер мен ғылыми жетекшілерді жеңістерімен құттықтаймыз және ғылыми зерттеулерде жаңа табыстар тілейміз!